Білім және ғылым

Талдықорғанда тағлымды кездесу өтті

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлері Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Қалмаханбет Мұқаметқалимен кездесті.
Қарымды қаламгермен жүздесуге «Журналистика» және «Екі шет тілі» мамандығының студенттері көптеп жиналды.Аталған шараны Алматы облысы ішкі саясат басқармасы мен Жетісу мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған.Мұндай тағлымды кездесудәстүрлi түрде өткiзiлетіндігін атап өту керек.
Түрлі басылымдарда жұмыс істеп, талай байқауларда топ жарып жүргенҚалмаханбет Мұқаметқаликездесу барысында студент қауымына «Тақырыптық журналистика және жаңа трендтер» тақырыбында әңгіме өрбітті.Оның айтуынша әр тілші азаматтық ұстанымын айқындап алуы керек. Әрі жазатын тақырыбына жаны қалап тұрса ғана қалам тербеуі қажет. Сонда ғана оқырман қызығып оқитын, көрермен сүйсініп көретін дүниелер жарыққа шығады,-дейді.
Сондай-ақ, журналист салалық журналистика жайлы да сөз қозғады. Соның ішінде экономикалық тақырыптың маңызына тоқталып, шәкірттерді келешекте осы салаға ерекше назар аударуға кеңес берді.
Айта кетейік,Қалмаханбет Мұқаметқали«Алтын Орда», «Дала мен Қала», «Қазақ әдебиеті» сияқты газеттерде еңбек еткен. Бүгінде«Гүл», «Күлкі мен Түлкі» жинақтарының авторы.Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Балжан Жұманбекова, АЛМАТЫ облысы

0

Честность, открытость, ответственность, подотчетность – не просто слова. Это главные ценности общества, свободного от коррупции.

Алдыңғы ақпарат

1500 квартир выставят алматинские строительные компании на ярмарке недвижимости «7-20-25»

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *