ЖаңалықтарҚоғам

Талдықорғанда мемлекеттік сатып алу саласындағы инновациялар талқыланды

Талдықорғанда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жиналыс өтті.

Кездесу барысында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тапсырыс берушілермен және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылармен бірге қазынашылық департаментінің қатысуымен бюджеттік қаражаттарды бақылау саласындағы жұмыстың күшейгені туралы хабарлады және 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды, Kazakhstan Today www.kt.kz

Департаменттің ақпаратына сәйкес, есепті кезеңде 247 аудиторлық іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 29,9 млрд. теңгеге құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 6,4 миллиард теңге өндіріліп, 8,2 миллиард теңге бюджетке қайтарылды.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 197 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Ал бюджеттің кірістерінен толық өндірілген 32,6 млн. теңге сомасына 425 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, бүгінде ҚР-ның Қаржы министрлігі мемлекеттік сектордың сатып алу жүйесін жетілдіру мақсатында «Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде.

Мемлекеттік сатып алу институтын жетілдіру жөніндегі бұл шаралар клиенттер үшін көптеген бизнес-процестерді жеңілдетеді және мемлекеттік сектордағы бизнестің сенімін арттырады деп ойлаймын», — деп түйіндеді бөлім басшысының міндетін атқарушы А. Мұсабек.

Талғар ауруханасында заманауи жабдықтар пайда болды

Алдыңғы ақпарат

«100 жаңа есім» жобасына өтініштер қабылдау басталды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *