Қоғам

Талдықорғанда Үкіметтік емес ұйымдарға тегін қызмет көрсететін орталық ашылды


Алматы облысында үкіметтік емес ұйымдардың өз мүмкіндіктерін толық пайдалану, интелектуалдылық, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жаңа орталық бастама алды.
Жаңа мекеменің ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлымен қатар АҚШ бас консулдығының өкілі Карли Ван Орман да қатысып, лентасын қиды.
«Social center» деп аталатын әлеуметтік орталық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың одан ары дамуына үлкен септігін тигізеді. Себебі, әлеуметтік жаңа бастама аясында барлық жағдайлар жасалынған. Осы орталықтың бастамасымен креативті жобаларды қолдау көзделген және кез-келген қызмет тегін көрсетіледі.Сонымен қатар,түрлі шаралар мен жиындар өткізіп, ортақ жобаларды талқылайды.Бұдан бөлек ұйым жетекшілері шет тілдерді оқып, компьютерлік сауаттылығын арттырады. Әрі әлеуметтік мәселелерге қатысты идеяларын жүзеге асырады. Оларға менеджерлер жан-жақты көмек көрсететін болады.
Жалпы, Алматы облысында 1012 Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 411-і белсенді жұмыс атқаруда.Өңірдегі ҮЕҰ негізгі бағыттары жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек беру, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, гендерлік саясат пен қоғамдық келісімді нығайту болып табылады.
«Кішігірім консалтинг орталығы болған, енді «Social center»үлкен орталығын ашып отырмыз. Бұл орталық азаматтық қоғамға деген тағы бір тың серпіліс әкелері анық. Республикалық, облыстық көлемдегі гранттарға ғана емес, сонымен қатар шетелдің гранттарына қатысып, мықты жобаларын өз өңірімізге, елімізге ыңғайластырып жүзеге асыруына мүмкіншіліктер бар.Қала жастары бос уақыттарын тиімді пайдаланып, жастар ісіне белсенді араласып және жастар саясатын дамытуда өз үлестерін қосады деп ойлаймын»,-деді Ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алиұлы.
Айта кету керек, биыл Алматы облысында ҮЕҰ жобаларын жүзеге асыруға 75 млн. теңгенің тегін гранты бөлінген.

Балжан Қайратқызы

0

2018 жылғы қызмет қорытындысы бағаланды

Алдыңғы ақпарат

Талдықорғанда «Аманат» азаматтық алаңының семинар- кеңесі өтті

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *