Спорт

Талдықорғанда «Футбол фестивалі» өтті

Талдықорғанның «Жетісу» орталық стадионында Алматы облысы әкімдігі мен ардагерлер командаларының арасында футболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Облыс әкімі Амандық Баталов облыста спорттың көптеген түрлерімен айналысуға өңірде жақсы жағдай жасалып отырғанын жеткізді. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, спорттық машықтарын жетілдіруге де мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

— Спортпен шұғылдану тәртіпке үйретеді, тән мен жанды қатар дамытады, денсаулықты шыңдайды, мінез қалыптастырады. Сондықтан біз балалардың спортпен жан-жақты айналысуына қолдау білдіреміз. Өздерінің спорттағы мүмкіндіктерін балалар бізге қазірдің өзінде көрсетіп отыр. Жас футболшылар болашақта кәсіби спортшы болады деп сенемін, — деді.

Сондай-ақ, мереке аясында «Жетісу» ФК ойыншыларының қолтаңбасы қойылған доптар да балаларға сыйға тартылды.

Ойын қорытындысы бойынша екі команда 2:2 есебімен нәтиже көрсетті.

 

0

Талдықорғанда журналистер арасында ашық спартакиада өтті

Алдыңғы ақпарат

Көпбалалы отбасыларға көрсетілер көмек көп

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *