Қоғам

Талдықорғанда «Аманат» азаматтық алаңының семинар- кеңесі өтті

Алматы облысында сайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған жұмыстарымен таныстыру мақсатында, журналистер үйінің мәжіліс залында «Аманат» азаматтық алаңының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті.
ЖиынғаАлматы облысының «Аманат» Азаматтық платформасының жетекшісі Қайрат Тұрсынғалиұлы мен «Аманат» Азаматтық платформасының мүшелеріЛепсібаев Шыңғыс, Тұрсынов Аким және аудан, қалалардағы мобилді капитандарқатысты.
Баспасөз мәслихатынан кейін аудан, қалалардан келген мобильді капитандардың қатысумен семинар-тренинг өтті. Семинар барысында платформа мүшелері аудандар мен қалаларға бекітілген мобилдьді капитандардың жұмыс бағыттарын айтып, сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың бес негізгі бағытын түсіндірді.
Сонымен қатар, сайлау бөлімшелеріне бекітілген бақылаушылардың құқықтары мен жүктелген міндеттерін түсіндіру, олардың жұмысын қадағалауға басшылық жасау бойынша дәрістер өтті. Сондай-ақ, сайлау күні сайлаушылардың дауыс беруі кезінде заңсыздықтар мен келеңсіздіктерге жол бермеудің алдын-алу шаралары да түсіндірілді. Барлыққатысушыларға «Бақылаушы блокноты» таратылып берілді.
Ал, «Аманат» Азаматтық платформасының жетекшісі Қайрат Тұрсынғалиұлы онлайн заңгерлік кеңес беру қызметін құру және алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде баяндап берді. Жиын соңында барлық өңірлеріден жиналған жастар сайлау жөнінде көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, модератормен пікір алмасты.

Балжан Қайратқызы

0

Талдықорғанда Үкіметтік емес ұйымдарға тегін қызмет көрсететін орталық ашылды

Алдыңғы ақпарат

ЭТОТ ДЕНЬ ПОБЕДЫ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *