Мәдениет

ТАЛАНТ ДАРАБОЗДАРЫ


Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениет-тің өзекті бөлігі – өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәден-еттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Шынында да, өнер мәдениет-тің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі – оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Міне осы сала қызметкерлері күніне орай, аудан әкімі Бағдат Қарасаев мәдениет саласының қызметкерлерімен, өнер жанашырларымен кездесу кеш өткізді.
2013 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып белгіленген болатын. Міне, содан бері барлық қала, аудандарда мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекелерін жыл сайын атап өтіп келеді. Мәдениет қызметкерлерінің еселі еңбектерінің нәтижесінде аудан мәдениеті жылдан-жылға дамып, өркендеу үстінде. Оған жыл сайын алыс шетелдерде ел атынан түрлі фестивальдарға, республикалық байқауларға қатысып, рухани құндылықтарымызды танытуы дәлел бола алады. Айта кететін жайт, алыс ауылдағы өнер ұжымының қазақ елі атынан өзге елдерде, республика көлемінде өнер көрсетулері қуантарлық дүние. Бұл Қазақстан халқының тәуелсіздігінің жемісі екені аян. Мәдениет пен өнер саласын нығайту және одан әрі дамыту, халыққа мәдени қызмет көрсетуді жетілдіруде ауданымызда бірнеше мәдени ошақ қызмет көр-сетеді. Аудандағы барлық елді мекендерден клубтар мен кітапханалар ашылып, бірнеше мәдениет үйі мен 11 ауылдық және 1 орталық кітапхана жұмыс істейді. Мерекелік кездесуге «Әлібек Нұрғожа» атындағы әжелер ансамблінің көркемдік жетекшісі — Құматай Байкенұлы, Іле ауданының құрметті азаматы, композитор – Владимир Вениаминович, Ақши халық театрының режиссері — Анипулла Масембекұлы, «Іле толқындары» халықтық ансамблінің көркемдік жетекшісі — Нұрлан Нұртайұлы, Қолөнерші — Дулат Жанатайұлы, суретші- Сәбит Ашкенұлы, аудандық Мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы – Ғабит Ибадуллаұлы, «Іле сазы» ансамблінің көркемдік жетекшісі — Гүлмира Жұмабекқызы, аудандық кітапхананың кітапханашысы – Жанат Азимханова, «Сарытауқұм» халықтық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі — Тұрсын Тоқтамысұлы және жас ақын Еркебұлан Әкімқожаұлы қатысты. Мәдениет саласының қызметкерлерімен, өнер жанашырларын аудан әкімі Б.Қарасаев құттықтап, алғыс хаттар табыс етті. Ал, Талдықорған қаласында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі – Асхат Сатыбалдыұлы – «Ең үздік мәдениет қызметкері» номинациясы мен арнайы диплом, 100000 теңге ақшалай жүлдемен оралды. «Ең үздік хореаграф» номинациясы бойынша облыстан марапатпен оралған аудандық мәдениет үйінің хореографы, «Сармат» би тобының көркемдік жетекшісі – Асхат Жамансариевті де атап өткен жөн. Сондай үздіктердің қатарында аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі — Жасұлан Рамазан Облыстық халық шығармашылығы орталығының алғыс хатымен марапатталған еді. Әкім өз сөзінде: «Аудан көлемінде өтіп жатқан ізгілікті, игілікті іс-шара сіздердің талмай еңбек етулеріңіздің арқасы. Сондықтан, аудан мәдениетінің өркендеп, қанат жая беруіне тілектестігімді білдіремін. Бұл салада жетістіктермен қатар әлі де жасалынатын жұмыстар көп екенін өздеріңіз білесіздер. Қандай кеш болмасын той болмасын өздеріңізсіз өтпейтіні сөзсіз. Біз мәдениет және өнер мекемелерінің — мұражайлар мен кітапханалардың, театрлар мен концерттік ұйымдардың, халық шығармашылығы және мәдениет үйлерінің, қалалық және селолық клубтардың қызметкерлеріне, сондай-ақ, ақындарға, жазушыларға, әртістерге және басқа шығармашылық мамандық өкілдеріне шын көңілден алғыс сезімін білдіреміз. Біздің елімізде қоғамымыздағы руханиятты дамытуға, игілікті, адамгершілікті, қайырымдылық пен өзара түсіністікті өрістетуге жол ашатын үздік мәдени дәстүрлерді сақтауға және молайтуға ерекше мән беріледі.
«Ілім – іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр», – деп ата-бабаларымыз айтқандай, өз өнерлерін халыққа танытып, сол арқылы ел мен жердің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын», — деген ізгі тілегін арнады. Біз де өз тарапымыздан өнерлерімен елдің рухын көтеріп, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып жүрген жандарды төл мереке-леріңізбен құттықтаймыз!

Нұргүл САБАҚАНОВА

0

БАЛАЛАР КҮНІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Алдыңғы ақпарат

НУРОТАНОВЦЫ ВСТРЕЧАЮТСЯ С ТРУДОВЫМИ КОЛЛЕКТИВАМИ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *