Рухани жаңғыру

ТАБЫСТЫ ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ!

Тұғырлы Тәуелсіздік бағы бұйырғалы 20 жыл өтсе де, көшбасшымыз еліміздің одан әрі көркеюіне арналған бағдарламалар жасайды. Атап айтсақ, «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы. Елбасымыздың айтқанына әрқайсымыз толықтай келісеміз, і бүгінгі жеміс, өткендер еңбегі. Себебі, болашақтың дидарын көзге елестету үшін, өткенге көз жүгіртуіміз керек. Дәл осының арқасында, бізді күтіп тұрған жаңа тарихи белестерге дұрыс баға беріп, жан-жақты болашққа деген көз-қарасымызды білдіре аламыз. Бағдарламаның үшінші қағидасында ұлтттық код жайлы сөз болғаны бәрімізге мәлім, үлттық сана мен халықтық дәстүрлері бойымызда жалындап тұруын баса айтқан, сонда ғана алға басулар болатынын ескертті. Тұңғыш Президентіміз өзінің мақаласында : «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы»,-деп өзінің жастарға үлкен сенім артып отырғанын білдірді.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап»,- ұлы Абайдың сөздерін жадымызда сақтайық! Сенім бәрін де жеңбек.

 

Р. БАҚТЫБАЕВ, Ащыбулақ ауылдық округі кеңесінің төрагасы

0

ЕЛ ИГІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН

Алдыңғы ақпарат

НҰРЛЫ ЖОЛ — БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *