Бас мақалаВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВМерекелер

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ — АТА ЗАҢ

Құрметті Іле ауданының тұрғындары, Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң  — Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы.

Барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум өткізу жолымен қабылданған Конституция – жас мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат.

Осы тәуелсіз мемлекетіміздің Ата Заңының қабылданғанына биыл жиырма төрт жыл толып отыр. Осы жиырма төрт жылдың ішінде еліміз өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығайтып, әлем таныған мемлекетке айнала білді. Қазақстанның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткізген жетістіктерінің барлығы түгелдей Конституциямызбен тікелей байланысты екені еш күмәнсіз. Халықтың өзі дауыс беріп, қабылдаған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді.

Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Еліміздің жеткен жетістігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды.

Ата Заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Бірлігі жарасқан қазақ елі аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды. Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Конституция Қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі» деген қанатты сөзі еріксіз еске түседі.

Қазақстан қазіргі таңда тарихи өрлеу кезеңінде.

Конституцияда атап көрсетілген мемлекеттік басқару жүйесі негізгі реформаларды жедел қарқынмен жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Барша аудан тұрғындары мен Қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймын!

 

Б.ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы

Алматы облысы бойынша медициналық ұйымдардың мониторингі.

Алдыңғы ақпарат

БІЛІМГЕ ТОЛЫ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *