Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз – тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмақ емес. Тіл — тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Демек, ортақ міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі. Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда. Барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Соның ішінде соңғы кезде, мекемелерде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, Мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғау басшыдан бастау алуы керек. Ал, егер өзіміз бен мемлекет басындағылар керек етпесе, мемлекеттік тіл кімге керек? Адам қай тілде сөйлесе, сол тілге қызмет етеді. Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік.

Р. ҚЫСТАУБАЕВА, аудандық Әділет басқармасының басшысы,
Заңгерлер Одағының мүшесі

0

ПРОДУКТЫ ЛИШНИМИ НЕ БУДУТ…

Алдыңғы ақпарат

АМАЛ КЕЛДІ АМАН КӨРДІМ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *