Бас мақалаВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамМерекелер

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘҢІР БЕРГЕН СЫЙ

Аудандық Мәдениет үйінде халқымыздың ең қымбат, ең асқақ мерекесі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні салтанатты түрде аталып өтті. Оған аудан әкімі Б.Қарасаев салтанатты шарада аудан әкімдігінің басшылары тұрғындарды мерекемен құттықтап, қоғам қайраткерлерін, мемлекеттік қызметкерлерді, ардагерлерді және Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды құттықтады.

«Бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мереке – мерекелердің ең ұлығы, мерекелердің төресі. Осындай бақтың, берекенің, жақсылықтың бізге келе қалуы ғанибет. Тәуелсіздікті бағалау, құрметтеу, бұл – әр қазақстандықтың борышы», – деді ол. Сөз соңында ауданымыздың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаттарын» өз қолымен тапсырды. Ал, ауданымыздың кәсіпкерлік саласында ерен еңбек етіп, жастарды салауатты өмір салтына насихаттауда қосқан үлесі үшін С.Құдайбергеновке Алматы облыстық мәслихатының шешімі бойынша Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Одан соң, облыстық мәслихаттың депутаты Т.Ботабеков, орталық аурухананың хирургі А.Молдашұлы, №13 орта мектептің қазақ тілі пәнінің ұстазы, Құрмет орденінің иегері Г. Казербаева құттықтау сөз сөйледі.

Мерекеде қонақтар аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен Жетіген ауылынан арнайы келген «Элегия» вокалды тобының өнерін тамашалады.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

Алдыңғы ақпарат

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *