ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ТӨРЛЕТ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

2018 жылдың 22 наурызы күні Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылы орталық спорт алаңында Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.

Алғашқы құттықтау сөз округ әкімі С.И.Күзембаевқа беріліп, округ тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Келесі құттықтау сөз Іле ауданының құрметті азаматы В.А.Файль, Іле аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев, Іле ауданының құрметті азаматы К.Қасымбеков, округіміздің ардагерлер кеңесінің төрайымы Г.Д.Кулымбаева құттықтап сөз сөйледі. Мерекелік іс-шараға барлығы 5000 адам қатысты.

 

Наурыз мерекесі күні барлығы 15 қазақ үй тігіліп, барлық қазақ үйде дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Сонымен қатар, мерекеге келген халыққа М.Түймебаев ауылы мешітінің асханасында да 600 адамға дастархан жайылды.

Наурыз мерекесіне дайындалған сценарий бойынша мереке әр-түрлі ұлттық ертегілердің кейіпкерлері жүріп өткеннен кейін, Наурыз әні шырқалып, шашу шашылды.

№ 44 орта мектептің және округ көркемөнерпаздар ұйымы арнайы осы мерекеге дайындаған концерттік бағдарламасымен қоса, баланы бесікке бөлеу, тұсау кесер, құда күту, беташар сияқты ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер қойылып, алтыбақан ойыны, сонымен қатар мерекелік іс-шарада сауда-саттық, балалар ойындары (батут), спорттық ойындар: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру сияқты қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды.

 

Наурыз мерекесін ұйымдастыруға белсене ат салысқан ұйымдастырушыларға, концерттік бағдарламаны жоғары деңдейде өткізген № 44 орта мектептің ұжымына, мекеме басшыларына, демеушілік көмек көрсеткен кәсіпкерлер мен шаруақожалықтарға округ әкімі аппараты алғыс білдіреді.

Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын, ардақты ағайын! Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын!

Айгуль Нильдибаева

0

ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!

Алдыңғы ақпарат

КӨКТЕМНІҢ КҮБІСІН КИГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *