Без рубрики

ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ МАҚСАТЫНДА

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы Жолдауында «Мемлекеттік қызмет көрсету — бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» — деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылып келеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Аталған сала барлық бағытты, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Жетіген ауылдық окургі әкімі аппараты төмендегі мемлекеттік қызмет көрсетулерді жүзеге асырады: 1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»; 2. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; 3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; 4. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»; 5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»; 6. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату». Өткен жылы округте тұрғындарға 718 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ауылдық округтегі әкім аппараты, білім, денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет көрсету үшін тұрғындарға қолайлы жағдайлар жасалған. Халыққа мемлекеттік қызметтер тиімді және ыңғайлы болу үшін ғимаратта мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық стендтер орнатылған. Жетіген ауылдық округі ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің ұсынысына сай «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» тұрақты жұмыс істеуде. Аталған бұрыш арқылы ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 238 қызмет алынды. Бұл бұрышта «E-Gov» порталы арқылы қажетті құжаттарын ЭЦҚ кілті арқылы ХҚКО-на бармай-ақ қызмет алуды ауыл тұрғындарына әкім аппараты қызметкерлері түсіндірме жұмысымен шектелмей, сондай-ақ округімізде ашық алаң аясында жәрмеңкелер ұйымдастырып іс-шара жүргізілуде. Сонымен бірге әкімі аппараты мекемесінің ақпарат тақтайшасында қызмет алушыларға арналған QR-код арқылы да мәліметтер берілген. Бұл – қажетті стандарттар мен регламенттерді келушілер ұялы телефон арқылы өздеріне жүктеп, құжаттармен таныса алатынын білдіреді. Электронды қызмет алуды қызмет алушыға барынша тиімді ету басты назарға қойылғаны бәріне мәлім. Осындай шаралардың бірі тұрақты өткізіліп келе жатқан мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі болып табылады. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерінің маңызы зор. Жәрмеңкеде тұрғындарға электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріліп, кеңестер берілді. Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері өздерінің қызметтерін жадынамалар тарату арқылы, баннерлерде мемлекеттік қызметті алу туралы ақпараттармен көрсетті. Жетіген аулдық округі әкімі аппараты мен Мемлекеттік корпорация мамандарымен (ХҚКО) жәрмеңке барысында азаматтарға кеңес беріліп, түрлі қажетті құжаттарды алу туралы өтініштерді сол жерде қабылдау мүмкіндігі болды. Жәрмеңкеге қатысуға көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер сараланды. Олар: жер қатынастары, тұрғын үй мәселесі, жер, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту. Өткен жылы Жетіген ауылдық округі әкімі аппаратымен көрсетілетін қызметтер туралы аудандық қоғамдық кеңес отырысында округ әкімі Н.Абилев есеп берді. Сонымен қатар аудандық арнайы мониторингтік топ мүшелері талдау жасап, мекемелердегі қызмет алушыларға жасалған жағдаймен танысты. Талдау тобы мүшелері кейбір кемшіліктерді толықтыру туралы ұсыныс енгізген. Қазіргі кезде ұсыныстар орындалып, мекеме мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандуспен, арнайы көлік тұрақтарының белгілері орнатылып, барлық жағдайлар жасалды. Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде округ әкімі және қызметкерлер апта сайын ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдар мен халық арасында тұрақты диалог орнатып, тұрғындарға біршама жақындау мақсатында округ әкімі аппараты тиісті жұмыстарды атқаруды жалғастыра беретін болады.

Б. ЕРҒАЛИЕВ, Жетіген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

0

«И ПУСТЬ ХРАНИТ ТЕБЯ ГОСПОДЬ!»

Алдыңғы ақпарат

ӘДЕПТІЛІК – ӘДЕМІЛІК БЕЛГІСІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *