ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВЖаңалықтарҚоғам

ТҰРҒЫНДАР ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

Аптаның басында КазЦИК ауылдық округінде аудан әкімі Б.Қарасаев пен КазЦИК ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаевтың есебімен жалғасын тапты. Есеп беру жиынына аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл тұрғындары, шаруа қожалық төрағалары, ауылдық ардагерлер мен әйелдер кеңесі, ауыл белсенділері мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты ең алдымен ауыл әкімі Ж. Оңалбаевтың 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Одан кейін аудан әкімі Б. Қарасаев шығып аудан көлемінде 2019 жылдағы атқарылған әлеуметтік экономикалық дамуы жолындағы жағымды жаңалықтардан бастады.

Ауылдық округ әкімінің айтуынша әлеуметтік экономикалық қортындысы бойынша округ бюджетке 121 млн 437 мың теңге түсірген. Елді мекенде шамамен алғанда 65 га құрайтын егістік алқабынан 1641 тонна көкөніс өнімі жиналды.

Округте 2 жылыжай кешені орналасқан жалпы алаңы 10 га, жылыжай қияр, қызанақ, салат жапырақтарын өндіреді. Округке қарасты жалпы алаңы 244 га құрайтын өндірістік аймағында 200-ден астам шағын серіктестіктермен жеке кәсіпкерлер және мекемелер тіркелген.

Қазіргі таңда ең өзекті мәселе болып тұрған – округке қарасты жаңа құрылыстарда 600-ге жуық аулаға ауыз су мәселесі туындап жатыр. Осыған орай, ауыз су мәселесін шешу мақсатында 2019 жылдың 3-тоқсанында Іле ауданы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» ММ-і бөлімімен бірлесе №42 мектептегі су қақпасынан КазЦИК ауылы жаңа құрылыстарына ұзындығы 8000 метр құрайтын су құбыры желілеріне жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өту үстінде.

Келесі мәселе – саяжайлардың шекарасынан бастап А.Қисанов көшесінің соңына дейін 850 метрді құрайтын асфальттанған жол, тротуар салып және көше шамдарын орналастыру жоспарлануда.

Аудан әкімі мен ауыл әкімінің есепті баяндамасы тыңдалып, ауыл тұрғындары «қанағаттанарлық» деген бағасын беріп, көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Ауыл тұрғындары А.Усукбаева, С.Нурбаев, М.Оскенов, Т.Сағынбеков қос әкімнің қорытынды есебін тыңдап, ауылымызға байланысты айтылған көрсеткіштеріне көңіліміз толды. Аудан әкіміне және округ әкімі есебіне «қанағаттанарлық» деген бағамызды береміз деді.

Ал, өзекті мәселе-жолға саяжайдағы ауланбаған қаңғыбас иттермен саяжайдағы ауыз су мәселесін шешіп беруін өтінді.

Есепті кездесуден соң аудан әкімі КазЦИК тұрғындарын қоғамдық қабылдауында қарсы алды. Онда М. Кулиев халыққа қызмет көрсету орталығын ауыл жанынан ашуды ұсынды, М.Оскенов КазЦИК ауылындағы су мұнарасын жөндеу туралы өтініш білдірді. С.Өнербаев Райымбек көшесінің жолын жасап, қардан тазалау туралы жанайқайын жеткізді. К.Алдабергенов жер телімін заңдастыруға қол ұшын беруді өтінді. М.Диманбаева, С.Назарбаева 2013 жылдан бастап тұрғын үй алуға кезекте тұрғанын сол тізімді қадағалауын табыстады.

Аудан әкімі барлық қойылған сұрақтар мен өтініштерге нақты жауап беріп, әр мәселенің шешілуіне бақылау жасауды тиісті өкілетті басшыларға тапсырды.

 

Б. ЧОЙБАСОВ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚОМАҚТЫ МӘСЕЛЕНІҢ ТҮЙІНІН ШЕШТІ

Алдыңғы ақпарат

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *