ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВДін және қоғам

ТӘН МЕН ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ – НАМАЗ

Адам екі нәрседен тұрады: біріншісі – дене, екіншісі – рух. Адам баласының денесі кір болса, оны су кетіреді. Яғни су – тазалықтың кілті. Мысалы адам бір жеті су қолданбаса, яғни тазаланбаса не болады?! Өте қиын жағдайға түседі. Адамдарға жақындай алмай қалады. Тіпті өз-өзінен жиіркенетін болады. Ал енді бауырларым. Тәннің кір басатын және оны тазалау жолының басы су болғаны сияқты біздің жанымыздың да кірі мен оны тазалағыш құралы да бар. Ол – Намаз, ең алдымен Алла разылығы үшін оқылады. Жаратушы иеміз пенделеріне осындай амалдарды парыз ету арқылы олардың жүректеріндегі иман сенімді тұрақты етеді. Дін қағидатын бұлжытпай орындаған адам бойына рухани тазалық даратумен бірге тән саулығын да Жақсартудың иманы жолына түседі.
Намаз жүректің нұры, рухтың күші, мұсылманның кереметі. Шариғатта намаз – тәкбірмен басталып, сәлеммен ақталатын, ерекше қимыл қозғалыстар мен сөздерден тұратын ғажайып ғибадат. Намаз исламнан бұрынғы иләхи діндерді де парызды. Хз Мухаммедке (с.ғ.с) бес уақыт намаз парыз етілмей тұрып, тек қана таң мен ақшам уақытында екі рет намаз оқылған. Кейін миғраж түнінде бес уақыт намаз парыз етілді. Намаздың парыздағы құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған.
Құранның көптеген жерінде «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» деп намаздың өте маңызды парыз екенін білдірген. Олардың кейбірі мыналар:
«Барлық намаздарды және орта намазды сақтаңдар» расында намаз белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді. Намазды толық оқыңдар…? Ал енді бұл жайында хадиске назар салсақ: Ибн Омардан р.ғ риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз с.ғ.с былай деді: ислам бес нәрседен тұрады: Аллахтан басқа құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Аллахтың елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, шамасы келсе қажылыққа бару және рамазан оразасын ұстау. Намаз – Аллахтың және құлдарының арасындағы байланыс негізі. Бес уакыт намазды орнымен оқып, үлкен күнә жасаған адамның кіші күнәлары кешіреледі жайлы аяттар мен хадистер бар. Құранда былай дейді: ей Мұхаммед саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздыкпен жамандыктан тыяды. Хазіреті Пайғамбарымыз с.ғ.с сахабаларға: Сендердің араларыңнан бір адамның есігінің алдында өзен ағып, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол адамда кір қала ма? – деп сұрағанда, сақабалар: жоқ, қалмайды — деген. Сонда Алла елшісі с.ғ.с: Судың кірді тазалайтындай бес уакыт намаз да күнәларды тазалайды. Ақыретте адам баласы есепке тартылғанда, ең алдымен намаз сұралады. Пайғамбарымыз с.ғ.с: «Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке тартылатын амалы мен іс-әрекеті – намаз» Ұлы раббымыз хабардар бола тұра періштелеріне былай дейді: «Құлымның парыз намазына қараңдар. Оны толық орындап па, кемістігі бар ма?» егер оның парыз намаздары толық болса, намаз сауабы толық жазылады. Егер парыз намаздарында нұқсандық болса. Намаз сауабы толық жазылады. Егер парыз намаздарында нұқсандық болса, Алла тағала былай дейді: «Құлым сүннет намаздарын толық оқыған ба екен?» Егер ол сүннет намаздарын толық оқыған болса, Алла тағала: «Құлымның қалған намаздарын нәпілдермен толтырыңдар» — дейді.
Иә адамды ең көркем түрде жаратып, жерді бесік, көкті шаңырак, күнді шырақ етіп игілігіне ұсынған Ұлы жаратушы адамға берген мұншалық ырыс-берекетінің қарымына шүкір етулерін қалайды.
Намаз күллі шүкірді қамтыған ғибадат. Ендеше, адам баласының ең басты міндеті – Ұлы Жаратушыны тану. Оның ұлылығын дәлелдеп, «Аллаху ақбар» «Алла тағалам», сен қандай Ұлысың деп бас иіп, мадақ айту. Иә оның шексіз құдіретінің, ұлылығының, шеберлігінің, ілімінің алдында таңғала бас иіп, мақтау айту-құлшылықтың нағыз өзі.

О. ЕСЖАНОВ, наиб имам.

0

ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС

Алдыңғы ақпарат

БІЛЕККЕ ЕМЕС, БІЛІМГЕ СЕНЕТІН ЗАМАН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *