ЖаңалықтарМәдениетРухани жаңғыру

СЫРЛЫ КЕШТІҢ САРЫНЫ

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Халқымызда «Туған жерге туың тік» – деген сөз бар. Осы орайды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі «Іленің сырлы кештері» атты жобаның қорытындысы бойынша жинақ шығарды. Атаулы кітаптың тұсаукесері сәуір айының 13 күні аудандық кітапханада аталып өтті.

Жинақта ауданның аға буын орта буын және жас буын ақындардың шығармашылық еңбектері насихатталды. «Өткені өнеге, бүгіні бекем, болашағы жарқын Іле өңірі» кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды.

Ауданымыздың ақындары мен жазушылары, өнер иелері еліміздің рухани өрісін өрнектеуге, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып келеді. Олар туған өлке тарихын әспеттеп, туған жері мен еліне деген құрметін білдіріп, жырларын арнауда.

Осыдан 2-3 жыл бұрын ұйымдастырылған «Іленің сырлы кештері» жобасының басты мақсаты, аудандағы барлық округ орталықтарында салауатты өмір-салтын, тұрғындардың жазғы кешкі көңілді өткізу мен жергілікті әдебиет және өнер саласында терін төккен адамдардың еңбегін насихаттау болатын.

Кітаптың тұсауын Іле ауданының «Құрметті азаматы», ардагер ұстаз Төрткен Кененқызы мен аудандық мәслихат хатшысы Абилова Роза Михаилқызы кесті. Атақ пен абыройға бөленіп, халықтың ыстық ілтипатына ие болып жүрген жергілікті ақындар шараға қатысып, өлең жырларын арнап қонақтарды дән риза қылды.

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, адам өзінің туған жерінің төлі. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді бүгінгі жастардың бойына етене сіңіру, қандарына дарыту, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіндіру бұл бәріміздің азаматтық борышымыз. Осы міндетімізді орындауда «Іленің сырлы кештері» атты кітапты шығару арқылы етене жақын түстік десек қателеспеспіз.

А.САТЫМХАН

0

ЕЛ ҚАСИЕТІ – ЕР ҚАСИЕТІ

Алдыңғы ақпарат

ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *