ЖаңалықтарЗаң және бізҚоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз-бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Арестотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», -деген екен ежелгі ойшыл ғалым.Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмсалуына үнемі тексерулер жүргізіп отырады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен ретттілікті нығайтуды қамтамасыз етуде.
Экономикалық және қоғамдық негіздерін жаңғырту, түбегейлі өзгертулер тұсында сыбайлас жемқорлық қашан да қоғамға қауіп төндіретіндей дәрежеге көтеріледі. Мұндай кезеңдерде жемқорлықтың шабуылын жеңілдететін мәселелер- экономиканың құлдырауы, азаматтық қоғамның билікке тәуелділігі, мемлекет институтының тиімсіздігі, заңнамалардың пәрменсіздгі тереңдей түседі. Сөйтіп, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға кірісу алдында оны туғызатын әлеуметтік-экономикалық жағдайларды барынша азайту қажет. Жемқорлыққа қарсы әрекет етудің оның көрінісетрімен күрес жүргізумен аяқталмайтынын ұғыну аса маңыызды. Мұндай күрес қашан да қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеп отырумен тығыз байланысты. Осыдан келіп, жемқорлардың өз күштері арқылы жемқорлықпен күрес жүргізуі барып тұрған мағынасыздық деген келесі қорытынды туындайды. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет.

Курамысова А.Д.,
Іле аудандық қазынышылық басқармасының басмаман-бас қазынашысы

0

УЗНАЙТЕ О ПОСТУПЛЕНИИ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ ЗА ОСМС

Алдыңғы ақпарат

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *