ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВСпорт

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

Наурыз айында Алматы облысының білім басқармасы Дене тәрбиесі спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып ұлдар мен қыздары арасында «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында облыстық үстел теннисінен жарыс өтті. Шараның өту барысында жастардың спортқа деген қызығушылығы айқын байқалды. Жарыс қорытындысы бойынша Іле ауданындағы №19 орта мектеп үшінші орын алды. Жарысқа 8 сынып оқушылары Арынхан Мыңбас, Аслан Ислам, Нариман Дауылбаев, Аружан Қырықбай қатысты. Үстел теннисінен Аслан Ислам барлық ойындарды жеңіп шығып, жарыстарда жүлделі орын алды. Балаларды спортқа дайындап жүрген көшбасшы, ұстазы Виталий Егорович Родионов. Ол осы мектептің АЭД пәні мұғалімі. Үстел теннисі жарысын өткізудегі басты мақсат – жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, қалалық деңгейде жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін сайыс. Барлық қатысушылар үстел теннисі командалары тек жақсы ойыншылар ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жұмысқа белсенді қатысатын жақсы оқушылар. Мектебіміздің абыройын асқақтататын жастардың көптігіне көзіміз жетті, әрі біз оларға үлкен сенім артамыз!
Жарайсыңдар, жастар! Биік шыңдардан көріне беріңіздер дейміз!
Өз тілшіміз

0

ИСТОКИ МАЛОЙ РОДИНЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *