Заң және біз

СОТ ИНСТАНЦИЯСЫ

Сот инстанциясы соттық істі қарау деңгейіне орай белгілі бір құзыреті бар сот өндірісінің сатысы.

Алғашқы сот инстанциясы  тікелей дәлелдемелерді зерттеп, айыптау не ақтау үкімін, ал азаматтық іс бойынша шешім шығарады. Тек осы инстанция соты ғана адамды кінәлі етіп танып, қылмыстық жаза тағайындайды. Алғашқы инстанция соты ретінде аудандық, қалалық, облыстық және оларға теңестірілген (Астана және Алматы облысы) сот алқалары, Жоғарғы сот алқалары іс қарайды. Кассациялық инстанция сотына облысы және Жоғарғы сот алқалары жатады. Сот инстанциясыОлар сот тергеуін жүргізбестен тек іс қағаздары мен қосымша дәлелдер жинау арқылы төменгі соттың әлі заңды күшіне енбеген шешімінің немесе үкімінің заңдылығын тексереді.

Тексеру нәтижесінде шешім не үкім күшінде қалдырылады немесе күшін жойып, заңсыздықты жоя отырып қайта қарауға жібереді. Қадағалау инстанциясы соты ретінде облысы және оларға теңестірілген сот және Жоғарғы сот төралқалары ҚР Бас прокурорының, орынбасарының, жоғарғы сот төрағасының, оның орынбасарының, сондай-ақ облыс соттар төрағалары мен прокурорларының наразылығы бойынша заңды күшіне енген үкімдер мен шешімдердің негізділігі мен заңдылығын тексереді. Бұл инстанция соты да заңсыз не негізсіз үкім мен шешімнің күшін жоя алады.

 

Г. АЖИБАЕВА, Іле аудандық сотының судьясы

0

ЖЕМҚОРЫЛҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ

Алдыңғы ақпарат

САНАТКЕРЛІК САЯХАТ ӘЛЕМІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *