Рухани жаңғыру

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

Ұлт Көшбасшысы бірнеше жыл бұрын 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу керектігін «Қазақстан – 2050» стратегиясында мәлімдеген еді. Ал Рухани жаңғыру бағдарламасында да латын қарпіне көшірудің нақты кестесін әзірлеу мәселесі басты айтылды. Көне тарихымызға көз жүгіртсек, латын әліпбиі қазаққа жат емес. Бұл халқымыздың ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнерін, қазақ әдебиетінің қайталанбас асыл мұрасын әлемге танытудың үлгісі деп айтар едім. Біздің еліміз әлемдік өркениетке қадам баспақ. Елбасының осыдан 10-20 жыл бұрын айтылған идеялары бір-бірімен үндесіп жатқандай. Бұл – әлемдік ақыл оймен, ғылымға жақын, бәсекеге қабілетті болуға бастайтын үлкен қадам екені даусыз. Әрине, Елбасы бұған дейін де тың бастамалар көтеріп, серпінді ойлар айтқан болатын. Меніңше, Елбасын ел руханиятына шұғыл бет бұрғызған жайт, алдымен, Қазақстан үшін қауіпті күштердің көбейе түсуі болса керек. Ол қандай күштер? Ол – экстремизм, ол – діни жат ағымдар, ол – ұлтты өзінің ұлттық келбетінен айырып, тілі мен ділінен жеріндіретін мульти мәдениттердің көші. Қазақ зиялыларының осы күнге дейін «Бізге ұлттық идеология керек» деп зар қақсауының себебі де осындай келеңсіз жайттарды ерте бастан көре білгенінен еді. Екіншіден, қазақ ұлты жан санының артуы мен бірге ұлттық мақсат-мұрат жолында тас-түйін болып біріге алатын қуатты күшке айналғанын билікке күн сайын дәлелдей бастады. Халықтың сондай күшке айналғанын біз былтырғы Жер мәселесінде көріп отырдық. Бұл жайт те Елбасын ұлтты рухани тұрғыдан жаңғырту қажет деген ойға жетелеуі мүмкін.
Туған жер, Туған ел бағдарламасы мен бірге қазақ жерінің тарихи-туристік белдеулерін түзу, заманауи қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз ғана үлес қосып жүрген 100 азаматтың есімдерін анықтау, қазақ зиялылары мен олардың шығармаларын шет елдерде насихаттау деген ойларын қуана құптаймыз.
Сонымен қатар, бұл мақалада қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мақалада біздің еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз, бұқаралық санамызды қалай өзгерту керектігін Елбасымыз тайға таңба басқандай даралап, саралап түсіндіріп берді. Табысқа жетудің негізгі кілті ол-құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары биікке қоятын ұлт қана жететіндігін айтты. Қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Г. МАҚСҰТОВА, аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары

0

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен ертеңі

Алдыңғы ақпарат

ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚ БЕТАЛЫС

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *