ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

СІЗДЕРГЕ АҚЖОЛ, ТҮЛЕКТЕР!

Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейде 25 мамыр күні соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Лицейдің алғашқы түлектерін мектеп қабырғасынан, үлкен өмір жолына шығарып салуға ата-аналар, ұстаздар, мектеп оқушылары және арнайы шақырумен келген қонақтар қатысты.

Құрметті қонақтар қатарында аудан әкімі Қ. Медеуов, аудандық білім бөлімінің басшысы Л. Каткеева болып, түлектерге ақ тілектерін білдірді.

 

Мінберде сөз сөйлеген аудан әкімі Қ. Медеуов: «Сіздер 11 жыл оқыған мектептеріңізмен және білім берген ұстаздарыңызбен қоштасып, үлкен өмірге қадам бастыңыздар. Сіздердің ендігі мақсаттарыңыз – жақсы білім алып, ел дамуына үлес қосу. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында жастарға үлкен көңіл бөлді. Әрбір мемлекеттің болашағы, оның дамуы – дені сау, білімді азаматтарына байланысты. Сіздер Тәуелсіз елдің ұрпағысыздар. Еліміздің алдында тұрған жоспар әлі де көп. Сіздерді соларды жалғастырар білімді азамат деп білемін», – деді.

Шарада мектеп көркемөнерпаздары ән шырқап, шағын концерт қойды.

Айта кетсек, Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейден биыл 47 түлек аттанса, оның 4 алтын белгі, 7 үздік аттестатқа ие болған, А.Ербосынұлы, Н.Байбол, Қ. Бақтығалиев сынды шәкірттер Д. Қонаев атындағы Заң академиясының арнайы грантына ие болса, С.Тоқтарбекова, Д. Оралхандар Алматы менеджмент университетінің грантын жеңіп алған.

Жалпы биыл аудан бойынша 1634 мың түлек мектеп бітірген. Оның ішінде 142 бала «Алтын белгі» алса, 61 оқушы «Үздік аттестат», 1191 бала Ұлттық бірыңғай тестке қатысатын болады.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

О ДОЛГЕ, ПАТРИОТИЗМЕ, ЛЮБВИ К РОДИНЕ

Алдыңғы ақпарат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНА – 20 ЖЫЛ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *