ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ШАУАҚТЫ НҰРЫН ТӨККЕН КҮН

Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылы орталық спорт алаңында Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шара еткізілді. Бұл күні барлығы 15 қазақ үй тігіліп, барлық қазақ үйде дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Сонымен қатар. мерекеге келген халыққа М.Түймебвев ауылы мешітінің асханасында дастархан жайылды.

Алғашқы құттықтау сөзді алған округ әкімі С. Күзембаев турғындарды Наурыз мерекесімен қуттықтап, жылы лебізін білдірді.

Келесіде Іле ауданының «Құрметті азаматы» В. Файль, Ілпе аудандық мәслихат депутаты С. Чатуев, Іле ауданының «Құрметті азаматы» К. Қасымбеков, округіміздің ардагерлер кеңесінің төрайымы Г. Қүлымбаева сөз сөйлеп, жерлестерін тамаша мейраммен құттықтады. Мерекеге дайындалған сценарий бойынша әртүрлі ұлттық ертегілер кейіпкерлері жүріп өткеннен кейін, Наурыз әні шыркалып, шашу шашылды.

№44 орта мектептің және округ көркемөнерпаздар ұйымы арнайы осы мерекеге дайындаған концерттік бағдарламасымен қоса, баланы бесікке бөлеу, тусау кесер, құда күту, беташар сияқты ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіп, алтыбақан ойыны, сонымен катар мерекелік ісшарада сауда-саттық, балалар ойындары (батут), спорттық ойындар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру сиякты қазақтың ұлттық ойындарын уйымдастырды.

Мерекесін ұйымдастыруға белсене атсалысып, концерттік бағдарламаны жоғары дендейде еткізген №44 орта мектептің ұжымына, мекеме басшыларына, демеушілік көмек көрсеткен кәсіпкерлер мен шаруақожапықтарға округ әкімі аппараты алғыс білдірді.

 

Өз тілшіміз

 

0

ЫРЗЫҒЫ МЕН ЫРЫСЫН АЛА КЕЛГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

Алдыңғы ақпарат

МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚАЗЫҒЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *