ЖаңалықтарҚоғам

«ШАЛЫНЫ«ШАЛЫНЫП ҚАЛМА!» ЖОБАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫП ҚАЛМА!» ЖОБАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ

Ағымдағы жылдың 29 наурызында «Шалынып қалма!» жобасы аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментімен Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті бірлесіп, Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және бас бостандығынан айырылып, түзету мекемелрінде болудың ауыртпалығын сезіндіру мақсатында тергеу изоляторына экскурсия жүргізілді.

Экскурсияға, өзінің міндеттерін атқару кезінде халықпен тікелей қарым-қатынасқа түсетін және мәселелерін қарайтын мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Тергеу изоляторының қызметкерлері экскурсияға қатысушыларды бірге алып жүріп, тергеу бөлмелерін, тұтқындарға арналған кітапхананы, онша ауыр емес қылыстарды бірінші рет жасаған адамдардың жазасын сол мекемеде қалып, шаруашылық жұмыстарын атқаратынын, олардың жатын орынын, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандардың камераларын, 25 шаршы метр жерде орналасқан, төбесі темір тормен қапталған серуендеу алаңын, изолятордың тәртібін қатаң бұзған тұтқындарды жабатын алаңы 2 шаршы метр карцерлерді көрсетті.

Экскурсия барысында мемлекеттік қызметкерлер қылмыстық – атқару жүйесі мекемесінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға және еліміздің экономикасына тигізіп жатқан залалы туралы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жауапкершіліктер туралы мәлімет алып, өзара талқылады.

Экскурсия соңында қатысушылар аталған жобаның нәтижесінде маңызды ақпараттар алғандарын, және мұндай шараға болашақта қадағалау және рұқсат беру міндеттері бар лауазымды тұлғалар да қатысса деген ниеттерін білдірді.

«Бұл жобадан өте керекті мәліметтерді ойға түйдім, қамауда отырудың қиындығын сезініп, үрей тудыратын әсер алдым, қоғамды жемқорлықтан сақтап қалуға септігін тигізетін үлкен іс-шара деп ойлаймын, болашақта жобаның жалғасуына тілектеспін, осы үлкен жобада Сіздерге сәттілік тілеймін» — деп Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Сарғалдақов Саят Жанатбекұлы атап кетті.

Жалпы бұл жоба Алматы облысы бойынша алғаш рет іске асырылғандықтан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлкен септігін тигізетін іс-шара екені тағы бір дәлелденді.

Әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың залалын саналы түрде жеткізу мақсатында бұл шараны тұрақты түрде айына екі рет жүргізу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қажмұханұлы Орал

0

МЕЖДУРЕЧЕНСКИЙ СЕЛЬСКИЙ ОКРУГ

Алдыңғы ақпарат

СОСТОЯЛСЯ II ФОРУМ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ПО ВОПРОСАМ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *