Спорт

ШАХМАТ ЖАРЫСЫ

Аудан тұрғындары арасында ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, қолдау көрсету мақсатында «Ардагерлер ұлағаты» кешінде іс-шаралар аясында аудандық ардагерлер ұйымы мен «Іле мұрагер» ұйымдасты-руымен ардагерлер мен жастар арасында шахматтан аудандық турнир ұйымдастырылып өткізілді.
Турнирге аудан округтерінен – 10 ардагер, 10 жас (18-29 аралығында) ойыншылапр қатысты. Жиында 20 ойыншы турнир-ді аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ә.Исаев ашып қорытындылады.
І-орын Ділдабек Ташкенбаев Байсерке, ІІ-орын Айтбек Сатиев Энергетик округі, ІІІ-орын Ризабек Садырбаев Қараой округі. Ең қарт ойыншы Манар Құрманбекұлы. Ең жас ойыншы Энергетик ауылдық округінен Шаханшақ Маштай. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Исаев: Бұл турнир ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, қолдау көрсету мақсатында «Ардагерлер ұлағаты» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Жарысқа барлық округтен жасы бар кәрісі бар 20 адам қатысуда. Бұл көңіл қуантарлық жағдай. Өйткені қарияларымыз зейнетке шықса да түрлі араларда белсенділік танытып келеді. Бұл біріншіден жастарға үлгі болса, екіншіден салауатты өмір салтын қалыптастырған еліміздің ұстанымын айқындайды. Осы сәтті пайдаланып қарияларымызды қарттар күнімен құттықтаймын. Жарыс жеңімпаздары кубок және мадақтау қағазымен марапатталады.
Өз тілшіміз

0

АНТИКОРРУПЦИОННАЯ РАБОТА В ВОЙСКОВОЙ ЧАСТИ 20709

Алдыңғы ақпарат

АШЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *