ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВЖаңалықтарҚоғам

ҮШ АЙДА ОБЛЫСТЫҢ АЛДЫҢҒЫ ОРНЫНДА БОЛАМЫЗ

Қазақстан да 21 ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Аудан әкімінің орынбасары А. Сатибеков пен аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилованың алдында ауданымыздың жастар ресурстық орталығының жетекшісі А. Абдрахманов есеп берді. Оған аудандық жастар ресурстық орталығының мүшелері мен округ бойынша ауыл жастарының жетекшілері, колледж студенттері қатысты. «Жастар жылының» аяқталуына орай қорытынды жиналыс өтті. Жиналыс барысында ауылдық округтер бойынша атқарылған шараларға, аудан аумағында жастар жылына орай атқарылған іс-шаралар туралы мәлімделді.

Биыл «Жастар жылы» деп жарияланғаннан бері жоспар бойынша ауылдық округтерінде дөңгелек үстелдер мен шағын конференциялар, ойын-сауық бағдарламалар өткізді. Аудан бойынша 1 стадион, 2 спорт кешені, 49 спорт алаңы, 49 спорт залы бар, әр округте көңілді тапқырлар клубы, спорттық іс-шаралар оның ішінде жоғарыда аталған кешендерде дзюдо, қазақ күресі, футбол, еркін күрес, баскетбол, джиу джитсу, самбо, бокс, волейбол, армреслинг сынды спорт түрінен жас жеткіншектердің уақытын тиімді пайдалану мақсатында іс-шаралар өтілді. Көптеген жалынды жастардың көңіліне демеу, ісіне береке берген «Жастар жылы» ауыз толтырып айтарлықтай табысқа кенелді. Солардың бірі Қараой ауылының тұрғыны В. Талюс арнайы Президентіміз Қ. Тоқаевтың ел бірлігімен қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосқаны үшін алғыс хатымен марапатталды. Оның ішінде М.Түймебаев ауылының тұрғыны джиу-джитсу күресінен «Жыл үздігі – 2019» атағын алған С.Айтпанбет, ауданымыздың аруы «Іле ханшайымы» Г. Қажыгелдиевалар бар.

Қазақстанның гүлденуі және өрлеуі жастардың қолында, жастар әлеуметтік ортаның ең жасампаз, жігерлі, жас бөлігі болып табылады. Қазақстанның жастары – еліміздің тағдырын шешуге дайын бірден бір алға тартар күш болып табылады.

Айта кетейік, ауданымызда қылмыстың алдын алу бойынша және ауданымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық ІІБ және аудандық білім бөлімі, Жастар орталығы, «Nur Otan» партияларымен біріге отырып – 21 түнгі рейд жұмыстары, 6-кездесу ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ «Кезбе», «Отбасы, Жеткеншек, Көше», «Жеткіншек – Заң – Қауіпсіздік», «Каникулдар», «Түнгі қаладағы балалар», «Балаларға шаттық сыйла» атты іс-шаралар өтілген.

Барлығы ауылдық округтерде 953 шара өтсе, оның ішінде 189 – кездесу, 412 – мәдени көпшілік шара, 145 – акция, 207 – спорттық шаралар болып табылады..

2019 жылы қараша айына дейін жұмыспен қамту бөлiмiне және орталыққа 16 дан 29 жасқа дейінгі жастардан – 1622 адам жұмыссыз ретінде тiркелген. Тiркелгендердiң ішінен — 735 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға жолданған 16 мен 29-ға дейiнгi жастар саны – 86 адам. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 16 мен 29 жасқа дейiнгi жастардан — 12 адам жұмысқа жолдама арқылы жiберiлдi. Сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға шартнамалар жасалған.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру оқу орындарының түлектерінің қатарынан – 158 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді.

2 бағыт бойынша микро- несие алғандар саны – 8 болса, кәсіпкерлікті дамытуда 27 жас сертификат алған.

Биылғы жылы «Жас Отан» ЖҚ мүшелерінің қатарынан «Жасыл ел»  маусымдық жұмысына облыс тарапынан ауданымызға 50 жұмыс орыны бөлініп, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен келісім шартқа отырып жастарды маусымдық жұмыспен қамтыдық.

Аудан жастарымен «Дипломмен ауылға», «Жастар ауылға!» және де басқа да жобалар мен бағдарламаларды насихаттау бойынша «Мобильді топ» құрылып, кездесулер өткізілді. Нәтижесінде «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жұмысқа орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақыға жеңілдетілген несие берілген.

Іле ауданы бойынша – 2019 жылы барлығы 81 жас маманға көтерме жәрдемақы төленді. Қылмыстың алдын алу мақсатында ауданымызда «Прогресс» политехникалық колледж базасында «Жалын» студенттер жасағы құралған, қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жасақ құрамында 19 студент жұмыс атқаруда.Жастар арасында округтерде жастар ісі жөніндегі (КДМ) 58 комитет құрылған. Олар қазір белсенді жұмыс жүргізуде.

Жиын соңында «Жастар мәселесі қашанда өзекті, әрине биылғы жылы көп уақытты қолдан жіберіп алдық. Осы олқылықты толтыру мақсатында. Алдағы уақытта ауданымыздың жастар ресурстық орталығы облыс бойынша үш айдың ішінде-ақ алғашқы орыннан көрінетініне сенім білдіреміз», – деп уәде берді аудандық жастар ресурстық бөлімінің жетекшісі А.Абдрахманов. Осыдан кейін жастар жылы аясында белсенді жастарды аудан әкімінің атынан марапаттады.

Ел болашағының бүтінделуі, келешегіміздің кемелденуі жас ұрпақтың қолында. Отаншылдық рухы биік, елім деп еміренетін, тілім деп тебіренетін көзі ашық, көкірегі ояу жастарымыздың қатары көбейе берсін.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

ҚОҒАМДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ

Алдыңғы ақпарат

«СК-Фармация» ЖШС қызметінің ашықтығы

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *