Қоғам

Өсек өзеніне қуат өндіретін 4 станса салынады

Алматы облысының Панфилов ауданындағы Өсек өзеніне 4 су электрстансасы салынады. Қытай инвесторларының қолдауымен жүзеге асатын жоба іске қосылғаннан кейін 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі «Егемен Қазақстан» — ға сілтеме жасап.
— Ауданымызда әрқайсысының қуаттылығы 6 мВт жалпы 24 мВтты 4 ГЭС каскады құрылысын салу жоспарлануда. Жоба құны- 10,2 млрд.теңгені құрайды. Сонымен қатар, Чехия мемлекетінің инвесторлары су бұру каналдарынан контейнер типті қуаттылығы 1 мВт ГЭС каскады құрылысын салуды жоспарлап отыр. Аталған гидроэлектростанциялар толықтай іске қосылса «Қорғас — Шығысқақпасы» арнайы экономикалық аймағына қосымша электржелілері тартылмақ. Болашақта электрқуатын молайтып, Қытай еліне электр энергиясын экспорттау жоспарлануда, — дейді аудан әкімінің баспсөз хатшысы Нұрбол Қанағат. Айтпақшы, Панфилов ауданындағы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылы 62,0 млрд теңгені құрап, арғы мерзіммен салыстырғанда 5,2 млрд теңгеге көбейіп отыр.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ

0

ПАМЯТКА по Базе данных НПО

Алдыңғы ақпарат

Талғар ауданы мемлекет қазынасына 25 млрд. теңгеден астам пайда түсірді

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *