ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

САРМАТТАРДЫҢ СЫРЛЫ БИІН-АЙ ТАМСАНДЫРАР

Байсеркенің ғана емес, аудан көлемінде де өнердегі мақтанышы болған «Сармат» би тобы үш жылдан аса уақыт бойы қоғамдық іс-шараларда мәдени қызмет көрсетіп келеді. Өнер кені №28 мектеп-гимназиясының ішінен іріктеліп шыққан жас өнерпаздар жыл өткен сайын репертуарларын жаңғырып, сахна төрін түрлендіруде.

Сондай-ақ, бұл шығармашылық ұжымда ерекше тума таланттар жетерлік. «Сармат» бүгінде өнер көкжиегінде өрістеп, құлашын кеңінен жайып, жаңа толқынмен толыға түсуде. Төл мәдениетіміздің бастауындай болып жүрген би тобы әсіресе, ұлттық би өнерін насихаттап келеді. Содан болса керек, бұл өнер ұжымына Іле тұрғындарының ықыласы да ерекше. Көркемдік жетекшісі (хореограф) – Жамансариев Асхат Асылбекұлы. Жетістіктеріде шаш етектен «Болашаққа жол» және «Сырым бар жүрегімде» атты 2017 жылы өткен Республикалық байқаулардың бас жүлдегерлері. Астана қаласында 2017 жылы өткен «Жаңа жұлдыз» атты халықаралық конкурстың – 1 орын. Биылда жаңа жыл бастала салысмен қатарынан өткен бірнеше республикалық байқаулардың үздігі атанды.

Қазіргі таңда ұжымның өнерін жоғары бағалап, әндерін жылы қабылдайтын көрермендер қатары көп. «Сармат» би тобының әр талантын насихаттасақ та артық етпейді. Аталмыш би тобына өзге аудан, қала тұрғындарының ілтипатына бөленген сәттеріне сан мәрте куә болғандарда жетерлік. Өнер деген киелі ұғымды қастерлеп, ұлылар елінің мәйекті мәдениетін өрге сүйреп жүрген «Сармат» би тобының көрермені қашанда мол. Рухани тұрғыда сергіген, сан түрлі сезімнің қайнарынан қанып ішкен сарматтықтар қолдау көрсеткен №28 мектеп-гимназиясының директоры Бейсембаева Салима Оразхановнаға және мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турлыбекова Перизат Несіпбаевнаға, қашанда демеушілік танытып жүрген ата-аналарына шынайы алғысын білдіреді. Алда да талай асар асулар бар. «Сармат» би тобының өнер сапарлары жалғасын таба бермек деген ойдамыз. Сөз жоқ «Сарматтықтардың» мың бұрала билеген билері асқақ Астанамыздың 20 жылдығына арнаған елеулі тартуды да болашақта ел назарына ұсынады деген үміттеміз. «Сармат тобы алға, биіктерге самға!» деген ұранмен биіктерден көріне берсін балақайлар дегіміз келеді.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

ҚОЛЫ БІЛГЕН ҚҰМ ҮСТІНЕН КЕМЕ ЖҮРГІЗЕР

Алдыңғы ақпарат

НА ПОВЕСТКЕ ДНЯ…

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *