Бес әлеуметтік бастамаВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВДін және қоғамЖаңалықтарЗнай нашихҚоғамМәдениет

САЛТЫМЫЗДА ҰҚСАСТЫҚ КӨП

Наурыз: достастық

Дүнген ұлты қазақтар сияқты қонақжай, көпшіл халық. Жалпы дүнгендер мен қазақтар арасында салт-дәстүрде ұқсастықтар көп. Мұсылман емеспіз бе. Үлкендерді сыйлау, құдалыққа бару, қыз ұзату, келін түсіру, алыстан келген ағайындарға, қонақтарға үйден дәм татқызу дәстүрлеріміз ұқсас. Менің ата-аналарым Жетіген ауылына ертеде келіп қоныстанған. Өзім Жетіген ауылындағы орта мектепті бітіріп, Алматыдағы технологиялық институтта білім алып шықтым. Менің жолдасым қазақ, бауырым Рызақтың әйелі де қазақ. Сондықтан біз қазақтармен баяғыдан құдандалымыз. Мен де дүнгеннің ұлттық тағамдарымен бірге, наурыз көже жасап, ет асамын, бауырсақ, шелпек пісіремін. Наурыз мерекесі біздің де мейрамымыз. Ес білгелі көршілерімізбен, ауылдастарымызбен бірге Наурыз мерекесін тойлап келеміз. Көршілеріміз бізді наурыз көжеге шақырса, біз көкөністер қосылған алуан түрлі салаттар, лағман дайындап оларға үйден тамақ береміз. Сонымен қоса, ауыл әкімдігі ұйымдастырған Ұлыс мерекесіне де белсене қатысып, ұлттық киімдерімізді киіп, өзіміздің дәстүрімізге сай тағамдар әзірлеп, дастарханға қоямыз. Мұндайда біз «щи» деп аталатын тағымымызды міндетті түрде әзірлейміз. «Щи» — «сы пян», «тхон чамян», «фын тхон», күріш, жұмы нан, фунчоза, сорпа сияқты бірнеше тағамдардан құралған кешенді ас. Бұл тағамдардың барлығы сиыр етінен, ұннан және жұмыртқадан, көкөністерден дайындалады. Дастархан қашанда ұлтына бөлмей, елді бірлікке, ынтымаққа шақырып, бір-бірімен достастыратын киелі дүние ғой.
Күн мен түннің теңескен әдімі бір шағында келіп жететін Ұлыс мейрамымыз құтты болсын. Деніміз сау, басымыз аман, еліміз тыныштықта болсын. Ұлттардың өзара достастығы, ынтымағы берік, болып бейбітшілікте өмір сүрейік.

Роза УШУРОВА, Жетіген ауылы.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Алдыңғы ақпарат

ӨНЕР ӨРМЕК ТОҚЫТАДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *