Рухани жаңғыру

САЛТ ДӘСТҮРДІ ҚАСТЕРЛЕУ ҰЛЫ МІНДЕТ


Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық, саяси реформалар сәтті жүзеге асу үшін халық рухани жаңғыруы қажет.
Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық, саяси реформалар сәтті жүзеге асу үшін халық рухани жаңғыруы қажет. Елбасының мақаласында осы айтылды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, алға жылжуға міндеттіміз. Бұл ретте Отанға деген сүйіспеншілік. өзара сыйластық өте маңызды.
Мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қандай қадам басу керектігін Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында ортаға салды. Ол үшін тағылымы мол тарих пен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерді алдағы өркендеудің берік діңі ету қажет,-дейді. Елбасының мақаласында әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілетті болу керектігі айтылды. Және сол бәсекеге қабілетті болу үшін, дамудың жолынан ауытқымай, әрі қарай қарыштап өркендеуі үшін не істемек керек, осы сұрақтарға жауап бар. Тарихымызды ұмытпай, туған жердің қадір-қасиетін түсіну, ұлттық кодты сақтай отырып, жат қылықтардан арылу — барлық қазақстандықтарға қажетті қадам. Әлемге ашық болып, ақпарат алмасу үшін ағылшын тілін меңгеру, ол арқылы білім мен ғылымды дамыту өскелең ұрпақтың негізгі көздегені болғаны абзал. Сонда ғана еліміз рухани жаңғырып, мәңгілік ел болу мұратына жетеді. Елбасының соңғы бағдарламалық құжаттары уақыт талабына жауап береді және Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуының кешенді жоспары болып есептеледі.
А.ТЮПЕЕВА

0

ЖАҢА ТАРИХ ТАБЫСЫ

Алдыңғы ақпарат

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына байқау жарияланды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *