ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВДенсаулықЖаңалықтарҚоғамМЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

САБЫРЛЫҚ ПЕН ТӨЗІМДІЛІК ҚАЖЕТ

• Президент пәрмені

• «Қазақстан Республикасына төтенше жағдай енгізу туралы» Президентіміздің жарлығына сәйкес 2020 жылдың 16 наурызында облыс әкімдігі өткізген селекторлық жиналыста берілген тапсырмаларды орындау мақсатында аудан әкімі Б. Қарасаевтың басшылығымен аудандық шұғыл штаб кеңесі құрылды. Штабтың күн тәртібінде аудан көлеміндегі карантин кезеңіндегі жасалып жатқан вирустың таралуына жол бермеу сақтық шараларына кедергі келтірмеу және ресми органдардың ескертуіне құлақ асу туралы айтылды. Кеңес барысында аудандық Ішкі істер басқармасы М.Күштібаев тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Онда қоғамдық тәртіпті сақтау, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, медициналық және карантиндік, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігі мен көліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандардың күзеті күшейтілгенін мәлімдеді
• Штабтық кеңесте ауданымыздың бас дәрігері М. Егембердиева аудандық медицина қызметкерлерінің демалысқа шығуына тиым салынғандығын айтты.
• Сондай-ақ, аудан әкімдігі тұрғындарды қобалжымауға және дүрбелең туғызбауға шақырады. 21 наурыз күні Алматы қаласына кіру толықтай тоқтатылады. 15 күндік карантинде әр тұрғын өз үйлерінен шықпауға шақырады. Жергілікті дүкендер мен супермаркеті бар сауда орындарына «жасыл дәліз» арқылы уақытында азық-түлік жеткізіліп тұрады.

• Өз тілшіміз

• ЕСКЕРТУ:
• 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап жарияланған короновирустың таралуын болдырмау мақсатында карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ мегаполистегі көлік қозғалысын азайту, тәртібін реттеу үшін картада қаланың облыс аумағы арқылы өтетін айналмалы жолдардың сызбасы сызылды.
• Картадағы үзік сызықтар — Алматы облысының елді мекендері арқылы өтетін жолдар.
Алматы облысы, Іле ауданы әкімдігінің аппараты, аудан тұрғындарын алдын ала баратын орындарын жоспарлап, бағыттарын реттеуге, төтенше жағдайлар мен карантин ережелерін, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға және коронавирустық инфекциямен күресу мен алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырады. Уатсап және басқа да ғаламтор желісі арқылы таратылып жатқан жалған ақпаратқа бой алдырмауды ескертеді. Сондай-ақ Іле ауданынан Алматы қаласына қатынайтын қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылды.
Алматы қаласынан Іле ауданына тек қана «жасыл дәліз» бойынша азық-түлік, медициналық жедел-жәрдем көліктері ғана қатынайтын болады. Азық-түлік бағасы да қатаң бақылауға алынып, бағаны қымбаттауға жол берген жеке кәсіпкерлерге айыппұл салынады.
Баршаларыңызға сабырлық пен деннің саулығын тілейміз!

Іле ауданы әкімінің баспасөзі

ЭКСКЛЮЗИВ ОТ АЙГУЛЬ

Алдыңғы ақпарат

Обращение Лидера нации очень важно и актуально

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *