Без рубрики

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай алынып тасталғанымен, азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин режимі сақталуда. Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 11 мамырындағы №10 қаулысына сәйкес шектеулер саны азайып, жеңілдікке ие болған шағын және орта кәсіпкерлік нысандар жұмыс істей бастады. Осыған орай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А. Жасымбеков, Боралдай кенті әкімі аппаратының бас маманы А. Қазыкенов, Іле ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің маманы А. Тукаева кентте жұмыс істеп жатқан нысандарды аралап кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасында санитарлық талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік ережелерін сақтауда салғырттық танытқан кәсіпкерлер мен жеке тұлғалармен әңгімелесіп, оларға денсаулық пен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін енгізілген ереже талаптарын қатаң сақтау керектігі ескертілді. «Біздің мақсатымыз біреуді үркітіп, қорқыту немесе айыппұл салу емес, қауіпті болдырмаудың алдын алу. Кеткен кемшіліктерді анықтап дер кезінде түзету», — дейді Іле аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А. Жасымбеков. — «Тәртіпке бас иген – құл болмайды, Тәртіпсіз – ел болмайды» — дегенді естен шығармайық. Құрметті тұрғындар, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамай, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайық. Барлықтарыңызға амандық тілейміз.

Өз тілшіміз

0

326 ЖҰМЫСШЫ ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Алдыңғы ақпарат

АБАЙДЫ ОҚЫ ЕРІНБЕ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *