ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВРухани жаңғыру

«СӨЗ – ТІЛДІҢ КӨРКІ»

Ақын – ұлттың жүрегі,
Шешен – көптің тірегі,
Батыр – көптің білегі.
Нұрғиса Тілендиев ауылы №26 орта мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында, «Сөз – тілдің көркі» тақырыбында қазақ халқының ертеден қалыптасқан дәстүрдің үлкен түрі айтыс өнерін дамыту мақсатында 6-11 сынып оқушылары мен айтыскер ақын Серік Қалиев және оның жас ақын шәкірті Алтынбек Ибрагимовпен кездесу өтті.
Көсегісін көгертіп қалың елдің,
Көмейі шаршы топта бүлкілдеген, – демекші ақындардың сөзі мірдің оғындай жүрекке жол тауып жатты. Оқушылармен айтыс өнері туралы ойларымен бөлісіп, оқушылардың өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, ақындармен пікір алмасты. Телегей теңіз шабыттың арқасында жауқазындай жырлар жазған ақындарымыздың жалынды жырлары, бүгінде елдің көңілінен шығып жүр. «Көкірексіз жандардың көзін ашқан, Алатаудың мұнарлы көк сеңгіріндей» жауһар жырларымен келген ақындар болашақ ұрпақтың рухани өсуіне бір септігін тигізгендей болды. Мектебіміздегі жас ақындарымыз Серік Қалиевтің шығарған өлендерін мәнерлеп жатқа оқып, жүрегінен шыққан өз туындыларын да, қонақтарға ұсынды. Айтыскер ақынымыз Серік Қалиев пен Алтынбек Ибрагимов оқушыларға домбырамен өлең жолдарын жолдап, ұстаз бен шәкірт арасында айтыс өнерінен де үзінді айтып өтті. Бұл айтыс өнерін сүйетін оқушыларға керемет шабыт сыйлап, халықтың көңілінен де шығып жатты. Ақын туралы бейне роликтер көрсетіліп, өмір жолдары таныстырылды. Ақын Серік Қалиев мектеп кітапханасына Зейнолла Сәнік атамыздың 15 томдық кітабын сыйға тартты. Көрермен келген ата-аналар мен ұстаздар, оқушылар көңілді кештен рухани әсер алып тарқасты. Кездесу жоғарғы дәрежеде өтті.

Гаухар ҚАРСЫБАЕВА,
№26 орта мектептің кітапхана меңгерушісі

0

ЛИНИЯ СУДЬБЫ НУРГИСЫ ТЛЕНДИЕВА

Алдыңғы ақпарат

Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылық көлемі 103,3 пайызды көрсетті

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *