ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВ

«Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана»

Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, көп балалы аналарға құрмет көрсету мақсатында Іле аудандық кітапханасының Коворкинг орталығында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана» атты көп балалы кітапханашы аналармен мерекелік кездесу кеші өтті. Мерекелік кешке аудандық «Аналар кеңесі» төрайымы Нәдірбекова Ғалия Нәдірбекқызы, Энергетик ауылдық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сейдалиев Мақсат Сейдалыұлы, аудандық кітапхана директоры Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы, аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Кеш барысында көп балалы аналарды таныстыру мақсатында ұйымдастырылған слайд көрсетіліп, Ақши ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана жұмбағы» атты көрініс тамашаланды. Абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне кітапханашылардың орындауында «Аналардың тілегі», «Ана, әке», «Ана туралы жыр» және Санкт-Петербург қаласында өткен «Салют талантов!» халықаралық байқауының І орын және әнші, продюсер М.Илиясованың ұйымдастыруымен өткен «Әнші болғым келеді» байқауының Бас жүлде иегері Бейсен Ақниеттің орындауында «Бұлбұл» әндері орындалып, ардақты аналар туралы жырлар оқылды. Шара соңында көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.

0

ЕЛМЕН БІРІГІП ҚАНА, СЫБАЙЛАСТЫҚТЫ ҚҰРТА АЛАМЫЗ

Алдыңғы ақпарат

7 успешных казахстанских женщин расскажут о секретах профессионального успеха

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *