ЖаңалықтарҚоғамРухани жаңғыру

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДАҒЫ ДІНТАНУЛЫҚ БІЛІМНІҢ ОРНЫ

  

 

Жасөспірімдердің өмірдегі басты сынақтардың бірі болашаққа жол бастауда өзіне лайықты мамандық таңдау болып табылады. Қазір жастардың көпшілігінің санасында әнші, актер, заңгер, экономист, спортсмен тағы да басқа, сол сияқты мамандықтарды игеру үлкен атақ-абырой немесе жақсы еңбекақымен қамтамасыз етеді деген ой қалыптасқан. Кез келген мамандықты меңгеру үшін ең алдымен талмай оқу, іздену, біраз жылдар тәжірибе қажет етеді. Қоғамда адам өзін жақсы маман, білікті қолбасшы ретінде мойындату үшін ол адам жан-жақты дамыған, рухани бай болуы керек.

Осындай білікті маман кадрларын даярлайтын білім ордаларының ішіндегі ең сапалысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстандағы ғана емес, әлемдік деңгейде белгілі іргелі білім ордасы, ғылым мен мәдениеттің ошағы. Халқымыздың заңғар перзенттері қызмет еткен, талай талантты тұлғаларды ұясынан ұшырған қасиетті қара шаңырық. Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп келе жатқан мекен. Соның ішінде университет тарихында ерекше орны бар философия және саясаттану факультеті. Осы факультеттіің аясында жиырма жылдам астам уақыт арасында біраз түлектер дінтанушы мамандығын меңгеріп, шығып жатыр.

Бұл мамандықты даярлаудың өзі қоғамдық қажеттіліктен туындаған болатын. Қоғамымызда дін саласына қатысты мәселелердің көбеюі және оларды тек заң аясында шешудің мүмкін болмауы жалпы қоғамның діни сауаттылығын көтеру мәселесіне алып келді. Жастар арасында діннің ішкі мазмұнына, философиясына емес, сыртқы бейнесіне көп көңіл бөлу тенденциясы орын алып, дінге қатысты теріс көзқарастар қалыптасты.

Бұның негізгі себебі қоғамда дәстүрлі діни құндылықтарды қалыптастыратын рухани білімнің жеткіліксіздігі екендігі мойындалып отыр. Енді осы рухани білімді кімдер бере алады, оны қалай және қай деңгейде таратуға болады деген сұранысқа жауап ретінде да қасиетті қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дінтанушы» мамандарды дінтану және мәдениеттану кафедрасында даярлайды.

Мамандарды даярлауда оқытылатын пәндер қоғамның рухани құндылықтар жүйесін құрайтын әр түрлі діни сана формалары мен дүниетаным формалары, ар-ождан бостандығы мен оның қорғалуы, діннің гуманистік мәні туралы білім беріп, әр түрлі діни, атеистік тағы басқа көзқарасты ұстанатындаға толерантты және сыйластықпен қарауға тәрбиелейді. Дінтанудағы басты ұғымдарды білу жеке тұлғаның ар-ұждан бостандығының жүзеге асуына, нығаюына септігін тигізеді. Сондай-ақ кез-келген адамның бойындағы азаматтық ұстанымдары мен қасиеттерінің қалыптасып, белгілі бір саяси-әлеуметтік үдерістердің кезінде бағыт-бағдарын дұрыс таңдауына ықпал жасайды.

Дінтану мамандығының білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндеті мемлекеттік стандартына сай құрылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Дінтану» мамандығын иеленген тәлімгер мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында, ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері, ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер, оқу орындарының оқытушылары және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері ретінде жұмыс жасай алады.

 

Қарлығаш БОРБАСОВА,

филос.ғ.д. дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры,

Айгерим САГНАДИНА, дінтану мамандығының 1 курс магистранты,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

0

СПОРНЫЙ ВОПРОС

Алдыңғы ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ҒАРЫШКЕРЛЕР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛАКӨЛ КУРОРТТЫҚ АЙМАҒЫНА КЕЛДІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *