Бас мақалаВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамМерекелер

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! ҚАДІРМЕНДІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

Баршаңызды мерейлі мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық мереке. Қай заманда, қай қоғамда болмасын, баланы оқыту, оғантәрбие беру – ең ұлы мұрат, ұлағатты іс. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз.Сондықтан, еліміздің келешегі сіздердің қолдарыңызда.

Аудандағы білім ордаларының негізі – балаларды шексіз сүйетін, өз кәсібіне шынайы берілген, адал жандар, яғни ұстаздар десек артық емес.   Әр адамзат баласының өмірге аяқ басуы осы ұлағатты ұстаз қауымына байланысты. Ұстаз дегенде жалпы мектеп қабырғасында көрген ұстазды ғана емес өмірлік ұстаздарды аса құрметтеген дұрыс шығар. Мейлі мектептегі не болмаса басқа ұстаз болсын шәкіртінің жүрегінде имандылық пен білімнің қайнар көзін ашып берсе содан асқан бақыт пен байлық жоқ. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» – деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

Сіздердей өз ісінің шеберлерімен Президентіміздің білім саласындағы тапсырмаларын толықтай орындай аламыз деп сенемін. Құрметті ұстаздар мерейлі мерекелеріңізбен!

 

Б. ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы

Іле аудандық филиалының төрағасы

 

ПЕДАГОГТАРҒА ҚҰРМЕТ

Алдыңғы ақпарат

МАҚСАТ — ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *