ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ҚҰРМЕТТІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР!  ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР! 


Отан қорғау — қашан да қасиетті де қастерлі ұғым.
«Ер — елінің қорғаны» деп бағалаған дана халқымыз ержүрек жандардың істеріне сай сый-құрмет көрсетіп келеді.
Бүгін, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні.
Бұл күн жыл сайын мемлекеттік мереке ретінде тойланып келеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, өз әскеріміз құрылды.
Бұл күні — Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлердің алдында тағзым етеміз. Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен оның сабында жүргендерге құрмет көрсетеміз.
Маңызды мереке — мемлекеттің қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн.
Отан қорғаушылар күні — өз Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды.
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Баршаңызды батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілеймін!
Ержүрек ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкелсін.
Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!

От всей души поздравляем вас с праздником Великой Победы и Днем защитника Отечества.
Победа имеет огромное значение не только для наших стран, но и для человечества в целом: мир освобожден от чумы фашизма. Основная тяжесть легла на плечи народов бывшего Советского Союза.
Мы гордимся вами, вашим мужеством, вашей самоотверженностью. Вы — пример для нынешнего поколения, пример любви к Родине, пример патриотизма.
Победа стала возможна благодаря единению народа, незыблемой дружбе народов Советского Союза. И сегодня в мирные дни для экономических, социальных успехов нашей страны очень важно это единение. Как сказал на последней сессии Ассамблеи народов Казахстана Елбасы Н. Назарбаев: «Мы должны объединиться вокруг национальной идеи «Одна страна, одна судьба, один народ».
Мы желаем вам доброго здоровья, счастья, успехов и благополучия семьям, детям, внукам.
Пусть будет мирным казахстанское небо и процветают наша страна, наш народ!

 

0

ҚАДІРЛІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ! ҚҰРМЕТТІ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Алдыңғы ақпарат

ДВА ФРОНТА — ОДНА ПОБЕДА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *