ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВЖаңалықтарЗаң және бізҚоғам

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жəне жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілген.

Ендігі кезде, Қылмыстық кодексінің (әрі қарай ҚК) бірқатар баптарындағы қылмыстар (оның ішінде мал ұрлығы, заңсыз кірумен байланысқан ұрлық) ауырлығы орташа санатынан ауыр қылмыстардының қатарына жатқызылды, оған сәйкес олар бойынша қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылуға жатпайды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша кінәлі тұлғаның шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату (ҚК 65-бабы) тек сотпен жүзеге асырылады.

Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтілуіне дейін қайта татуласуға (ҚК 68-бабы) шектеу қойылды.

Қылмыстық кодексіне жаңа қылмыс құрамы, нақты есірткіні насихаттау немесе заңсыз жарнамалау (оның ішінде БАҚ немесе электрондық ресурстарын пайдалана отырып) қосылды.

Браконьерлік, көлікті мас күйінде жүргізу, жыныстық қылмыстар бойынша жауапкершілік күшейтілді.

Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінде «Көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» деген 345-1 жаңа бап пайда болады.

Осы баптың талаптары бойынша кінәлі тұлға абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол көлік оқиғасын (әрі қарай ЖКО) жасағаны үшін 1 000 айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай АЕК) (2 651 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 3 000 АЕК (7 953 000 теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді.

Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не 10 жылға құқығынан айыра отырып, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан мас күйінде жасалған осы қылмыс үшін 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге темір торға өмір бойы құқықтарынан айырып жіберетін болады.

ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын жүргізуге жіберу» айтарлықтай өзгереді.

11 қаңтардан бастап аталған бұзушылық үшін 200 (қазіргідей) емес, 5 000 АЕК (13 255 000 теңге) немесе түзеу жұмыстары және т.б., немесе өмір бойы құқықтарынан айырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу қаупі бар.

Абайсызда көлік құралдарының, жүктердің, жол құрылыстарының және өзге де құрылыстардың не өзге де мүліктің бүлінуіне, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер өмір бойы құқықтарынан айыра отырып, 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян үшін өмір бойы құқықтарынан айырып, 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін — өмір бойы құқықтарынан айырып, 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Адам абайсызда өлгені үшін — өмір бойы құқықтарынан айыра отырып, 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Ал абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлімі үшін — өмір бойы құқықтарынан айыра отырып, 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болады.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің төмендегі жаңа баптары және олардың бөліктері:

— мал ұрлығы (ҚК 188-1-бабы);

— мəдени құндылықтарды жəне ұлттық мəдени игілік объектілерін Республикадан тыс жерлерге заңсыз əкету немесе оларды қайтармау (ҚК 203-бабының 1-1-бөлігі);

— есірткіні насихаттау немесе заңсыз жарнамалау (ҚК 299-1-бап);

— заңсыз ақбөкенді заңсыз аулау, жою, сол сияқты заңсыз олжалау, сақтау, өткізу, əкелу, əкету, жөнелту, заңсыз олжаланған ақбөкенді немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін тасымалдау (ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі);

— көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (ҚК 345-1-бабы) енгізілді.

Бұл ретте осы соңғы бапта аталған адамдарға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамдар жатпайды. Олардың жауаптылығы ҚК-нің 346-бабы бойынша туындайды.

— жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қол сұғу (ҚК-нің 380-2-бабы), сондай-ақ көрсетілген адамдарға қатысты зорлық-зомбылық қолдану (ҚК-нің 380-2-бабы);

— жабық сот талқылауының деректерін жария ету (ҚК 423-бабы);

— кəмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс туралы жасыру (ҚК-нің 432-бабы) не хабарламау (ҚК-нің 434-бабы) енгізілген (өзгертілген).

Іле ауданының прокуратурасы

КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ЖӘНЕ ТАБЫСЫ АЗ ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында науқастарды ерте диагностикалау деңгейі 23,0% құрады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *