ЖаңалықтарҚоғамМәдениетТұлға

ӨРГЕ УМЫТЫЛҒАН ӨНЕР ИЕСІ

«Жігітке жеті өнерде аз» дейді дана халқымыз. Кешегі Қүрманғазы, Дина апаларымыздың сара жолда салып кеткен, халықтың қөшеметіне бөленген, сал-серілердің жолын қуып, көңілдің көркін кіргізіп жүрген жандарымыз аз емес. Солардың бірі аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, әнші Ержан Исатаев.

Кез келген аудандық жиын-той, ашық сабақ, мәдени іс-шаралар Ержан ағамыздың микшерімен микрофонынсыз өткен емес. Музыканың сазды әуені аспанды аялағанда қарсы апдыңнан күлімдеп шыға калетін, жеңіл әзілі бар Ерекеңді кездестіресің. Осыдан-ақ өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы мен қалтқысыз қалықтайтын музыканың куәсі болатыныңа нық сенімді боласың. Көңілің жайланып сала береді. Ержан қазіргі аудандық көркемөнерпаздарының ішіндегі серкесі де, еркесі де өзі, емге шипа таптырмайтын ескі кадрлардың бірі. Ол сонау Кеңес заманында Байсерке саполық Советтік «Қазақстанның 40 жылдығы» колхозындағы №2 Ынтымақ бөлімшесіндегі Мәдениет үйінің директорының қызметін атқарған. Колхозға тиесілі қыстақтарды сақман кезінде аралап, өнерпаздармен бірге концертін қойып, еп апғысына бөлініп жүретін.

1968 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайлыма совхозында өнерлі отбасында дүниеге келген Ержан Бопатүлы бала күнінен бастап әнге, өнерге ынталы боп өседі. Марқұм әкесі Болат негізгі мамандығы есепші, сахна адамы болмаса да, ол кісі ән салғанда аппыс екі тамырыңды шымырлатып, епітіп әкететін қасиеттері болған екен. Ал, анасы Оңғар апамыз да өнергежақындығы бар көрінеді. Ол кісі солақай домбырашы. Ауылдағы кішігірім той-томапақтар мен ауыл кештері Болат әкеміз бен Оңғар шешемізсіз өтпеген көрінеді.

Демек, сол кісілерден тараған үрпақ та осал болмауға тиіс. Жайылма совхозының орта мектебінде білім апған Ержан Болатүлы ең алғаш рет мектеп сахнасына Нүрғиса Тілендиевтің «Саржайлауы» мен Кеңес Алпысбаевтың «Арманымның ақ қүсы» әнімен шыққан. Содан бері ол өнер өлкесінде өрістеп, сахнадан әсте апыстамаған. Қазақтың қара домбырасы мен пианино аспаптарында қатар ойнайтын өнер иесі бүгінде аудандық «Іле толқыны» ансамблінде әншілік қызмет атқарумен қатар және №13 орта мектепте музыкадан шәкірттер тәрбиелеуден белек, әнші әрі асаба ретінде жүрттың қызық-қуаныш, той- томалақтарын басқарып, нәпақасын табуда. «Нағыз жігіт жүмыста, нағыз болат қүрышта анықталады» дейді қазақ. Біраз өнерді бойына жиған Ержан Исатаевтың сазгерлігі тағы бар. Ән шығаруға деген қадамы қапыптасқан, талапты ер әзірге патриоттық әнін шығарып үлгеріпті. Азды- көпті қапалық, обпыстық байқауларға да қатысып, жүлдепі орындарға ие болған.

Гастрольдік сапармен 2017 жылы аудандық өнерпаздармен бірге Түркияның Сахария қапасына барып, «Сарытауқүм» ән-би ансамблімен концерт қойып келген. Бүл сапар әншіге жақсы әсерін тигізген.

Ата-бабадан мирас боп қалған бойдағы өнерін дамытып, теңіздей тасыған шығармашылық саласында өзіндік із қапдырмақ ойы бар. Алға қойған үлкен-үлкен мақсаттары да аз емес көрінеді. Алдағы уақытта аудан ортапығында шығармашылық

кешін де өткізбек ниетте. «Бастысы, құдайдың берген өнерін көрсетіп, жүрттың көңілінен шығу», — дейді өнер иесі. Ол «Адамның күні адаммен ғой. Көп адамдарға апғыс айтқым келеді. Олар маған үлкен көмек көрсетіп, ағалық, әпкелік ақылдарымен алға сүйреді. Соның бірі «Нүр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Түрымбетовке, аудандық мәслихат хатшысы Р. Абиловаға, М. Мақатаев атындағы №13 орта мектептің директоры Ғ.Нәдірбековаға, аудандық ішкі саясат және мәдениет бөлімі басшыларына алғысым шексіз. Талай жыл қоғамдық іс-шараны біргв атқардық. Ауданның абыройы үшін иық тіресе жүмыстарды бірге атқардық» — дейді кейіпкеріміз ағынан жарыла.

Ержан Исатаев ауданымыздағы үлгілі отбасы бар азаматтың бірі. Әпкеміз Гүлмира Байсалбековамен студент кездерінен жүптары жазылмай келеді. Екеуі үш бапаны өсірді. Үлкен үлы — Біржан Астана қаласындағы Астана опера академиясында Арт-менеджер мамандығын игеруде, қызы — Жаналь түрмыста, ол да өнер биігінде қанат жаюда, кенже қыздары — Жанерке М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте оқиды. Шәкірт демекші Ержан Болатүлы көптеген шәкірттері бар майталман музыка пәнінің үстазы болғандықтан өзінің қол астындағы шәкіртеріне ағапықжол көрсетіп, бағыт-бағдар беруден жаңылған емес. Ақкөңіл де сабаз, біртоға мінезімен әріптестерінің арасында сыйлы да қүрметті. Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Мәдениет жене спорт министрпігінен арнайы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Ендеше, Ержан ағамызға отбасына үлкен бақыттілей отырып, әрқашанда өнердің биік белесінде биік самғасын дегіміз келеді.

0

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ — УЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЕҢ БАСТЫ КІЛТІ

Алдыңғы ақпарат

БАСПАНАСЫЗ БОЛМАС КҮЙІҢ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *