Без рубрики

Рамазан айы құтты болсын!

Ардақты ағайын!

Мұсылман күнтізбесінде айлардың Сұлтаны болып есептелінетін қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз, ізгі амалдарыңыз қабыл болсын. Биылғы Рамазан айы өкінішке орай дүние жүзінде тарап жатқан қатерлі індетке байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Мұның өзі сақтық шараларының күшейтілуін, адамдардың барынша өзі-өзі оқшаулауын талап етеді. Ораза ұстаудың өзіне біраз ерекшеліктер енгізілді. Осыған қарамай, ауыз бекітіп, ораза ұстаған жандарға тек сабырлылық пен шыдамдылық, имандылық берсін.

Рамазан айында барлығымыз көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқарып, ішкі жан дүниемізді тазартуға көңіл бөлейік. Мүмкіндігінше қайырымдылық шараларын жасап, көмекке мұқтаж жандарды қамқорлығымызға алып, Алла тағаланың разылығына бөленсек, сауапты істің еселенетіндігін жақсы білесіздер. Ендеше, имандылықты күшейтуге берілген мүмкіндікті жіберіп алмайық.

Құрметті, ағайын! Қасиетті айда сіздерге денсаулық пен амандық, жақсылық, қуаныш, ізгілік, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін! Ел-жұртымыздың, ағайын-туыстардың ауызбіршілігі нығая түссін. Ораза мүбәрәк болсын!

аудан әкімі, Б.Қарасаев

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӨРТ

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында 1980 адам медицина мамандарының бақылауында

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *