Бес әлеуметтік бастамаЖаңалықтарҚоғам

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

2018 жылдың 5 наруыз күні Қазақстан Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялады. Президенттің бес әлеуметтік бастамасының біріншісі: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша несие өсімінің мөлшерлемесі бұрынғыдай емес, жылына 7 процент болуы үлкен халқымыз үшін үлкен қуаныш болып отыр, себебі, несиені отбасының қаржылық мүмкіндіктері аясында төлей алатын болады, бұл дегеніңіз пәтер алудың қол жетімділігінің артуы –деген сөз. Енді төленетін бастапқы баспана құнының жарнасы 30 процент немесе 50 процент емес, бағдарлама бойынша 20 процентті құрайтын болады, бұл да үлкен жеңілдік және қуаныш болып отыр.


Бұл маңызы өте зор бағдарлама нәтижесінде миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудың қолжетімділігі артатыны және әлеуметтік жағдайының жақсаруына мол септігін тигізетіні сөзсіз.
Біз, Нұротандықтар, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының ел болашағы үшін маңызы зор үндеу екенін, және оның толыққанды жүзеге асатынына зор сенім білдіреміз.

Е.С.Тұрымбетов,

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 

0

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Алдыңғы ақпарат

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ІРІ ТУРИСТІК КӨРМЕДЕ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІН ПАШ ЕТТІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *