Бес әлеуметтік бастамаЖаңалықтарҚоғам

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру барысында және «Президенттің бес бастамасы» атты халыққа үндеуін насихаттау мақсатында кенттегі ақпараттық-насихат топ мүшелері «Боралдай» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

Кездесу жиынға «Боралдай» БПҰ төрағасы М.Салимбаев, аудандық мәслихат депутаты И.Шамиев, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы К.Жумадилов, Аналар кеңесінің төрайымы М.Қаламбаева және партия мүшелері қатысты.

Жиында «Боралдай» бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Салимбаев Елбасы ұсынған әр бағдарламаның, жариялаған әр Үндеудің маңызына тоқталды.

БПҰ төрағасы М.Салимбаев:  ««Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы халыққа ұсынылған сәттен бастап, кентімізде көптеген мәдени-спорттық, қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Көптеген игі істің іске асуына, ел арасындағы патриотизмнің арта түсуіне бастамашы болған бұл бағдарламаның діттеген мақсаты орындалды деуге болады.

Ал, күні кеше мемлекет басшысы халыққа өзінің бес бастамасын жеткізді. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты екенін айқындай түскен әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастаманың қатарында баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз ету мәселелері бар. Халық үшін, ел болашағы үшін ең маңызды осы бес мәселенің шешілуі мына сіз бен бізге де байланысты. Сол себепті барша боралдайлық партия мүшелерін жұмыла жұмыс істеуге шақырамын» — деді.
Жиында сөз алған АНТ мүшелері Елбасы саясатын іске асыруда, елдік мәселелердің жүзеге асырылуына әркез қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

НACИXA АПАЙ, ПЕРЕШАГНУВШАЯ СТОЛЕТНИЙ РУБЕЖ, РАСКРЫЛА СЕКРЕТ ДОЛГОЛЕТИЯ

Алдыңғы ақпарат

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *