Бес әлеуметтік бастамаЖаңалықтарҚоғам

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫ – ЕЛДІҢ ЖАҢА БАСПАНАСЫ

2018 жылғы 5 наурыздағы Ел Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланған болатын. Соған байланысты «Әрбір отбасы үшін тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктері» бірінші бастамасының талаптарына сәйкес, соңғы жылдары қызметшілерге қатысты ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №49 қаулысымен бекітілген «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын жаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтау, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына» сәйкес әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері тағайындалды. Екінші деңгейлері банктермен атап айтқанда, Тұрғын үй жинақ банкімен үш жақты келісім шартқа отырып, жеті бағытта көрсетілген төлемдері төленетін болды. Әскери қызметшінің

жиналған тұрғын үй жинақтарын көптеген мақсаттарға қолдана алатыны туралы жеткізілді. Ипотекалық несиені қолданып жеке меншік үй сатып ала алатыны, ары қарай сатып алу мүмкіндігімен жалға алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жол ашылатыны туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Алматы қаласы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы үйлердің кв. метр бойынша бағасы және қалай төлеу, қанша уақытта өтелетіні туралы алғышарттары 78460 әскери бөлімінің жеке құрамына жеткізілді. Осы мәселеге қатысты «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қызметкерлері шақырылып алғышарттары толықтай түсіндіріліп, 206 адам жеке есепшот ашып, өз отбасы бюджетін болашаққа сенімін артып отыр. Атқарылып жатқан жұмыстар Қазақстан Армиясының имиджін көтеруді, тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Әрбір әскери қызметшінің артындағы тылы мықты болса, жауынгерлік дайындықта алда болатыны анық.

М. АЙТАКОВА,

78460 әскери бөлімінің ардагері,

ҚР ҚК қызметшісі

ЗАВОД ПОЛНОГО ЦИКЛА АLUMINIUM OF КAZAKHSTAN благодаря высокой автоматизации и технологиям вполне соответствует заявленному движению к цифровой экономике

Алдыңғы ақпарат

ИГІЛІКТІ ІСТЕРІҢ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *