ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВ

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ, КӨКТЕМНІҢ МЕРЕКЕСІ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Чапай ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде «Ана – өміршуағы» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға арнайы аудан әкімі Б.Қарасаев қатысып ауданымыздың аяулы жандарын мерекемен құттықтап аудан және қоғамда белсенділік танытып жүрген аруларға өз қолынан мақтау қағаздарын табыс етті. «Өзімнің және барлық ерлер қауымы атынан 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, сіздерге баянды бақыт, деннің саулығын тілеймін. Сіздер отбасы тірлігімен қоса мемлекеттік жұмысты да атқарып, үлкен үлес қосудасыздар.Бүгінде әйелдер арасынан спортшылар, депутаттар, кәсіпкерлер көптеп шығып жатыр. Бұл әйел азаматшалардың тек қана нәзік жандылар ғана емес, еңбекқор екендігін де дәлелдей түседі», – деді өз сөзінде аудан әкімі.
Іс-шарада бұлбұл құстай сайраған әншілер концертті тамашалауға келген аналар мен қыз-келіншектерге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Аяулы аналар қандай құрметке да лайық. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналарымызға күнде сый-сияпат көрсетсек те артықтық етпейді. Әдемілік пен қайсарлық, нәзіктік пен төзімділікті астастырған ардақты аналар мен арулар кішкентай мемлекет саналатын – отбасының ұйытқысы, алтын қазық берекесі.
Әйел – отбасындағы бақыт пен берекенің ұйытқысы. Ал 8 наурыз күні барша ер-азамат әйел қауымының еңбегін бір сәтке де болса бағалап, олардың атқарып жатқан іс-әрекеттерін мойындайтыны анық.

0

АРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕР, ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР, ӘПКЕ, ҚАРЫНДАСТАР!

Алдыңғы ақпарат

ҒАСЫРДАН АСҚАН АҚ ӘЖЕ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *