Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғам

ҚОСӨЗЕННІҢ ҚОЙЫНЫ ҚУАНЫШҚА ТОЛДЫ

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қараой ауылдық округі Қосөзен ауылында салтанатты түрде сәулетті жаңа балабақша ашылды. Енді бұл мемлекеттік балабақшада 120-дан астам бала тәрбиеленетін болады. Бүлдіршіндер мен ата-аналардың қуанышты сәтін бөлісу үшін аудан әкімінің орынбасары С.Ерекешев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Исаев, аудандық мәслихат хатшысы М. Кошалко, округ әкімі Д. Казербаев іс-шараға арнайы келіп қатысты.

Атауының өзі жылы естілетін «Айналайын» балабақшасының жөні бөлек. Сонау 1991 жылы тұрымтай тұсында, балапан басында қараусыз қалған балабақшаны жергілікті мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес, округ әкімімен бірге, аудан әкімшілігінің табалдырығын тоздырып жүріп жөндеуден өткізді. Жеке инвестициялық жобаға облыс бюджетінен мол қаржы құйылды. Екіншіден бұл іске мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жергілікті атқару органы атсалысады. Сипаты мен мазмұны бөлек балабақшаның ашылуына сөз алған аудан әкімінің орынбасары С. Ерекешев, жұртшылыққа өз ойын білдірді. Ол: «Ұлы дала қожайыны болу үшін, 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу көшінде бізді түзейтін тек уақыт. Уақыт өте келе аудан көлеміндегі білім мен мектепке дейінгі саламыз дамудың даңғыл жолына түседі деп сенемін. Сондықтан бүгінгі жаңа балабақшаларыңыздың ашылуымен Қосөзен ауылының тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге табыс тілеймін. Астанамыз асқақтай берсін » – деп ақ тілегін жеткізді.

Екі қабатты ғимарат жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни, білімді болып ер жетуіне, осы заманның үлгі жақтары түгел жасалған. Ал, бұл игі істі қолға алудың мәні де белгілі. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мекеменің

басты бағыты бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардың спортпен айналысуына баса назар аударылған.

Сонымен қатар балабақшаға 30-дай маман жұмысқа қабылданады. 2 мен 5 жас аралығындағы балаларды оқытатын мектепке дейінгі мекемеде қазақ және орыс тілінде 6 топ болады. Әр топта 15-20 баладан. Мұндай мүмкіндіктің туғанына ата-аналар өз ризашылықтарын білдіруде.

Аудан көлемінде 47 орта білім беру жүйесімен 102 мектепке дейінгі білім мекемесі жұмыс істейді. Оның 9-ы мемлекеттік балабақша, 90 жекеменшік балабақша, 4 шағын орталық бар. Барлығы 8873 баланы қамтып отыр. бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейі бүгінде 55 пайызды құрайды. Айта кетерлік, бұл көрсеткішті көбейту үшін 2010 жылдан бастап ауданда мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеңберінде балабақшалар ашылып, істерін дөңгелетіп отыр. Ал, жаңа «Айналайын» бөбекжәй балабақшасының меңгерушісі А. Адилбаева құрылысты жүргізген «Құрылысшы-ТБС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Б.Тохтаевқа ыстық ықыласымен халықтың алғысын жеткізді. Аталмыш округте болашақта әлі де екі мектеп салынбақ. Бала – періште. Ендеше, баланы қуантқан сәттің де қадірі де үлкен болмақ.

Б. ЧОЙБАСОВ

0

АНУАР НУРПЕИСОВ И АЙСУЛУ АЗИМБАЕВА ОТПРАВЯТСЯ В МЕДИА- ЭКСПЕДИЦИЮ НА ХАН- ТЕНГРИ

Алдыңғы ақпарат

А МЫ ИГРАЛИ В «КОЛОБОК»!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *