ЖаңалықтарҚоғам

ОРТАҚ ІС – ОРАМДЫ ОЙ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырысқа аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилова, аудандық білім бөлімі  басшысының орынбасары Г. Мақсұтова, Боралдай кенттік округінің әкімі М.Сәлімбаев, Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Г. Сақыпова, Боралдай аудандық ауруханасының басшысы Д. Садықова, №39 мектеп-гимназиясының директоры Г.Какенова, №45 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Ф. Идрышева, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Боралдай аудандық аурухана басшысының «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жж. арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары, №39 мектеп-гимназиясы, №45 орта мектеп партия топтары жетекшілерінің «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары және  аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2018 жылдың І-жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы есептері тыңдалды.

Отырыс барысында комиссия төрағасының орынбасары Ж. Телпекбаева сөз сөйлеп, мектеп қажеті үшін қандай болмасын ақша жинау заңды тұрғыда болуы керектігін, себебі жемқорлық әрекетке жол берілмеуі керектігін айтты. «Боралдай» БПҰ төрағасы, округ әкімі М. Сәлімбаев бұл мәселе бойынша ойын айтып, мектеп түлектерінің ҰБТ тапсыру кезінде жемқорлық әрекетке жол бермеудің алдын алу бойынша өз ұсынысын айтты. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2018 жылдың І-жарты жылдығында атқарған жұмысы жайлы қоғамдық кеңес төрайымы Р. Абилова есеп берді. Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2018 жылдың І-жарты жылдығында атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Отырысты Р. Абилова қорытындылап, барлық БПҰ-да, партия топтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларын жүргізу бойынша сапалы, толыққанды жұмыстар жүргізуді қатаң бақылауда ұстау керектігі жайлы баса айтты. Осы мәселе бойынша аудандық білім бөліміне жиын өткізіп, хаттамасын аудандық филиалға тапсырудың қажеттілігін айтты. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелерді талқылай келе,  аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы қаулы қабылдады.

Өз тілшіміз.

0

ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР БЕС БАСТАМА

Алдыңғы ақпарат

НАША ЦЕЛЬ – ДОСТИЖЕНИЕ ВЫСОКОГО УРОВНЯ МОТИВАЦИИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *