Без рубрики

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

«Аntikor.live» жобасы аясында тікелей эфир барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндады.

Өз сөзінде спикер облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкелуі мүмкін бірқатар елеулі кемшіліктер мен олқылықтарды атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Инспекцияның қызметі заңсыз олжаланған өнімдерді, қылмыс құралдарын, оның ішінде браконьерлік мақсатта пайдаланылатын көлік құралдарын сақтау, жою және алып қою тәртібін көздейтін ведомстволық нұсқаулықпен регламенттелмегенін анықталды.

Лауазымды адамға өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелерінде, сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен жалтару және келтірілген залалды өтеу мәселелерінде дискрециялық өкілеттіктің болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Мысалы, инспекцияның өткен жылғы қызметін талдау қорытындысы бойынша, осы мемлекеттік органның мамандары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде көп жағдайда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы бұзушыларға әкімшілік айыппұл салу емес, оларға ескертумен шектелгені анықталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабында жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ жеке тұлғаларға ескерту немесе айыппұл көзделген.

Қызмет борышы бойынша жануарлар әлемін қорғауға шақырылған қорықшы, өздері браконьер немесе олардың көмекшілеріне айналған жәйттар ерекше мәселе тудырады. Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында браконьерлікпен айналысқан аңшылық шаруашылығының қорықшысы ұсталды. Одан екі ұңғылы аңшы мылтығы, бір елік пен аң шаруашылығына тиесілі қарда жүретін құрылғы табылды..

Жұмысқа қабылдау кезінде жеке тұлғаны зерттеуге ерекше мән берілмейді. Осыған байланысты, аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы Үлгі ережеде табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін, оның ішінде браконьерлігі үшін бұрын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды қабылдауға тыйым салуды көздейтін нормаларды жазу керек.

 «Талдау қорытындысы бойынша біз бірқатар тиісті ұсыныстар әзірледік. Мысалы, құқық бұзушылық, ізге түсу, ұстау және заңсыз аулау құралдары мен заттарын алып қою сәтінен бастап қолданылатын бейнетіркеуіштерді сатып алу қажет. Сондай — ақ, инспекторлардың неғұрлым тиімді және ұтқыр жұмысы үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алуды ұсынамыз, бұл нақты уақыт режимінде заңсыз аң аулау мен балық ресурстарын аулау мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді», — деді Арман Бердалин.

Айта кету керек, қазіргі уақытта анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарды орындау бойынша жоспар бекітілді. Алдағы уақытта Департамент оның іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

0

ЖАСТАРҒА ХАЛЫҚ РИЗА

Алдыңғы ақпарат

Поощрение лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *