Без рубрики

ҚОЛЫМЫЗДАН БӘРІ КЕЛЕДІ, СЕБЕБІ БІЗ БІРГЕМІЗ !!!

Біздің сұхбат

Дүние жүзі бұл күндері өте қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Ол жер шарындағы барлық мемлекетке таралып, жүріп- тұруға шектеу қойылған қауіпті індеттің салдары.    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16  наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілді. Осыған байланысты              ,  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтардың,  білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ   COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуын алдын алу үшін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде  Қазақстан Республикасы  Білім министрінің жарлығы шыққанды мәлім.  Жарлық негізінде ауданның  орта білім беру мекемелері үстіміздегі жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтықтан оқуға көшірілген болатын.Қашықтықтын оқыту технологиясы жөнінде біз аудандық оқу бөлімінің басшысы Ләззат Жақыпқызы Каткееваны әңгімеге шақырған едік.

-Ләззат Жақыпқызы, баршамызға белгілі болғандай балаларды онлайн жүйесімен оқытудың мүмкін еместігін өмірдің өзі дәлелдеді. Ал, қашықтықтан оқытуда қиындықтар бар ма?

     -Мен олай деп айта алмас едім. Негізінде аудан мектептерінің барлығы дерлік ғаламтор жүйесімен қамтамасыз етілген.   Іле аудандық білім бөлімі  қазіргі уақытша  қиындықтан шығу үшін аянбай еңбек етуде. Аудан көлемінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып,  оқу процестері ұйымдастырылуда.Біріңғай қашықтықтан  оқыту үшін сыныптардың ата- аналар жиналысы, «Мен қашықтықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» тақырыбындағы қашықтықтан  сынып сағаттары ,  пән мұғалімдері дайындап жатқан видеосабақтар, жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары  соның дәлелі  Оқу жылының  4 тоқсанын  ауданның   48 мемлекеттік,  5 жеке меншік,  1 кешкі мектептің  56178 оқушысы мен 4627 мектеп мұғалімдері сабақты қашықтықтан оқыту технологиясымен бастап кетті.. Әр сабақтың жүйелі өтуіне , оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында оқушылар мен оқытушыларды әртүрлі ғаламтор  жүйелері байланыстырмақ. Қазіргі кезде барлық аудан мектептері , мұғалімдері Daryn-online, Bilimltnd, Aimektep,  Kundelik.kz, Телеграмм, WhatApp желілеріне қосылған. Телеарналар бойынша қазақ тілінде сабақ өткізілетін «Балапан» және «Ел Арна          » арнасынан 29876 оқушы  білім алуда, ол жалпы оқушылардың 53 пайызын  көрсетсе, ғаламтор  арқылы білім алатын оқушы саны -2630, яғни 47 пайызды құрап отыр. Бұл ауданымыздың қашықтықтан оқытуға дайын екенін дәлелдей алады.

      -Дегенмен де, ата-аналар тарапынан балаларының үйде отырып, сабақ оқуына байланысты әр түрлі сұрақтар туындауы мүмкін ғой.

            — Ол үшін аудандық оқу бөлімінде қашықтықтан оқытуға байлынысты  CALL орталығы іске қосылды. Орталықта, ата-аналардың  барлық сұрақтарына  жан-жақты толық ақпарат берілуде.

   — Қашықтықтан оқыту барысында не смартфоны, не компьютері жоқ отбасыларға қиындық тиетіні сөзсіз.  Оларға қайтпек керек?

            -Ауданымызда білім беру процесіне қатысушыларға, жағдайы төмен отбасыларына  көмек көрсетілуде. Мысалы, ауданымыздағы  компьютерге мұқтаж  861 оқушы мектеп балансындағы компьютерлермен, 99 оқушы ноутбук, 36 оқушы смартфонмен, 90 оқушы USB- модеммен қамтамасыз етілді.

      -Мектеп балансындағы компьютер түсінікті. Ал, ноутбук, смортфон қайдан алынды. Оқу бөліміне  кімдер көмектесіп жатыр. Соған тоқтала кетсеңіз?.

   -Ноутбуктер  мен  90 USB- модем білім бөлімінің тарапынан мектептердің барлығына таратылды, ал смартфондарды мектептер  әкімшілігі мұғалімдердің  бірлесуімен  көмек ретінде  тиісті оқушыларға сатып алып берді..

     — Қашықтықтан оқытуға көшкендеріңізге бір апта болды. Нәтиже қалай? Еш қиындықсыз жұмыс істеп жатқан мектептер бар ма? Ғаламтордың жұмысына көңіліңіз тола ма?

          -Бастапқы екі күнде  жан-жақтан сұрақтар қарша борап, біраз әбігерге түстік. Мұның бәрі ғаламтордың баяу жұмысына қатысты болды. Оның үстіне оқушылар мен ата-аналар жаңа сабақ кестесі мен   жұмыс ретіне үйрене алмай қиналды. Шүкіршілік, қазір бәрі қалпына келді.Пән мұғалімдері оқушыларға шамадан тыс тапсырма бермеуге тырысады.Тұрақты түрде оқушылармен, ата-аналармен байланысқа шығып,оларға тиісті көмек көрсетіп отырады.Қажет болған жағдайда әрбір оқушымен жеке-жеке сабақ өткізеді.  

                        Бүгінгі таңда  еліміз үшін сынақты кезең. Бәріміздің сақтық шараларының тәртібіне бағынғанымыз жөн. Осы ретте балаларды қашықтықтан оқытуда біз  қиындықтарды жеңе отырып, оларға сапалы білім берудің бар мүмкіндігін жасаудамыз. Өйткені, олар —  еліміздің болашағы. Кемел болашағымыз үшін дарынды да  талапты, білімді де білгір, ақылды да парасатты жастарды тәрбиелеу педагогтардың ең басты міндеті. Сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, еңбек етіп жатқан аудан мұғалімдері де  қатерлі індет — коронавирусты  еліміз болып жеңуге  өз үлестерін қосуда. Себебі, біз халқымызбен біргеміз. Қолымыздан бәрі келеді, өйткені    біз біргеміз!

.- Әңімеңізге рахмет!

            Сұхбатты жүргізген РОЗА АЙДАРБЕКОВА

               
 
 
 
0

МЫ ВСЕ СМОЖЕМ, ПОТОМУ ЧТО МЫ ВМЕСТЕ !

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында 1448 медицина қызметкері үстемақы алды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *