ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВЖаңалықтарҚоғам

ОКРУГТЕРДЕН ХАБАР

ЭНЕРГЕТИК

Жәрмеңке айлығы басталды

Энергетик округінде 9 маусым күні жәрмеңке айлығы басталды. Күз мезгіліне дейін әр аптаның сенбі күндері сағат 9:00-16:00 аралығында жәрмеңке ұйымдастырылады. Сатылатын өнімдердің басым бөлігі Іле ауданынан шыққан зауыт, фабрикалардың өнімдері. Бағасы қолжетімді. Мысалы, нанның құны – 55-65 теңге, 5 данадан тұратын тәтті нандар – 150 теңге. Құлпынай, шие, балдың бағасы базардағы бағадан – 500-700 теңге төмен. Бал Чапай округінен шыққан және де құс өнімдері «Сары-Бұлақ» фабрикасынан әкелінді. «АзияЭлитФудГрупп» зауытынан шыққан сүт өнімдері сатылымға шықты. Ең арзаны әрі көпшіліктің көңілінен шыққаны – шәй өнімдері. Алғашқы күні Энергетик округінің әкімі Садыр Тұрсынжанұлы, орынбасары Айбол Айбекұлы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Төлеуxанұлы аралап шықты. Осы аптаның соңында тағы да жәрмеңке ұйымдастырылады. Қалыс қалып қоймаңыз! Аудан тұрғындары үшін ең сапалы әрі пайдалы өнімдер…

***

БОРАЛДАЙ

Елбасы кітабы таныстырылды

Кент әкімі аппаратының қызметкерлері мен кенттік кітапхана қызметкерлері бүгін Елбасының «Тəуелсіздік дəуірі» атты кітабымен танысты. Елбасы кітабы туралы кент кітапханашысы Г.Шынкеева баяндама жасап, кітап мазмұнымен таныстырды.

***

Жеңіске жеткен «Жаңагүл» би тобын құттықтаймыз!

Боралдай кентіндегі А. Абдулланова жетекшілік ететін жекеменшік «Жаңагүл» би үйірмесінің кішкентай бүлдіршіндері маусым айының басында Астана мен Алматы қалаларында өткен «Грация», «Fantastic talent», «Достар дауысы» би байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз!

***

Чемпион болған боралдайлық жас палуанды құттықтаймыз!

Боралдай кентіндегі самбо күресінің жаттықтырушысы, К. Əзірбаев атындағы орта мектеп мұғалімі А. Мұхаметулланың шəкірті, 39 гимназия оқушысы, 66 кг салмақтағы жас палуан Байқоңыс Бейбарыс Самбо күресінен өткен жарыста Алматы қаласының чемпионы атанып, 15-16 қыркүйекте Орал қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Шын жүректен құттықтаймыз!

0

«АЙМЕД» — ЛИДЕР ОТРАСЛИ

Алдыңғы ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ЕЛ ДАМУЫНЫІҢ КӨШБАСШЫСЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *