ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамРухани жаңғыру

ОЙШЫЛМЕН БІРГЕ ТЕРЕҢ ОЙ

«Абай – қазақтың бас ақыны. Абайдан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ даласында біз білетін мықты хакіммен деңгейлесе алатын ақын болған жоқ» – деген Бауыржан Момышұлының сөзі расында да, Абай–әлем екенін айқындайды.Заман өзгерген сайын осы үлкен байлығымыз өзін бір жаңа  қырынан  көрсетіп, құм ішіндегі алтындай тартады да тұрады.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» – деп С.Торайғыров  жазғандай Абайдың асқан білімдарлығы, даналығы, данышпандығы, ұлылығы, әділеттілігі, кемеңгерлігі туралы сөз айту, ой айту оңай, және сол даналық ойларын түсініп, ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылының  өлеңдерін оқып – білуге, қара сөздерінің таралуын насихаттап, білімдерін арттыру мақсатында «Ай-Нұр» ЖЛГ балабақша» кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай  және Қазақстан XXI ғасырда» атты әдістемелік онкүндік өткізілді. Іс-шараға гимназияның орыс тілді оқушылары түгелдей қатысып, өз өнерлері мен білімдерін көрсете білді. Абай атамыздың образын 9-б сынып оқушысы Сейтенов Сұлтан сомдаса, Онегиннің Татьянаға жазған хатынан сахналық көрініс ретінде осы сынып оқушылары Хасенов Жармұқан мен Каткеева Әдемі жеткізе білді. Он күн бойы гимназияда әртүрлі іс-шаралар өткізілді.

Абай шығармаларын, табиғат лирикасын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында, кітап көрмесі, жыл мезгілдеріне байланысты бастауыш сынып оқушылары арасында сурет  жарысы  ұйымдастырылып өз мәресіне жетті. 9-б сыныбында ағылшын және қазақ тілі пәндерінен кіріктірілген сабақта Абай Құнанбаев туралы оқушылар ағылшын тілінде өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтса, мемлекеттік тілде Абай атамыздың лирикалық өлеңдерінің негізгі идеясын жүрек тебірентерліктей жүрекке жеткізе мәнерлеп оқи білді. Сабақ соңында үш тілде кері байланыспен ойларын қорытындылады.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі тәжірибелі ұстаз К.Ж. Калкузова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Тойжанова сабақты инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушылардың ойын, пікірін айтқызып, қызығушылығын оятып, білімдерін толықтыра білді. Мектебіміздің  әдіскер ұстазы Н. Шевкунова. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша кітапханалық сабақ өткізді. Ал 6 «б» сыныпта орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Сейткужина мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. Жакупова «Абайды оқы да таңырқа» атты тақырыпта  кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмірбаяны, лирикасы туралы  білгендерін мемлекеттік тілде еркін жеткізе білді.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,

Жас балаша жүректі жақсы уатар.

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар – деп Абай атамыз айтқандай оқушыларға хакім Абайдың әндерін түсініп, дұрыс айту мақсатында орта буын оқушыларымен «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»  деген тақырыпта әдеби –музыкалық конференция өткізілді. Іс-шара барысында Абай шығармаларын мәнерлеп оқу, әндерін караоке жүйесімен айту, викториналық сұрақтарға жауап беру сияқты түрлі әдістерді қолдану арқылы өткізілді.

Онкүндіктің жабылуында өткізілген  мерекелік іс-шаралар бойынша бейнеролик көрсетіліп, әдістемелік онкүндік барысында белсене ат салысқан  оқушыларды  марапаттап, соңында «Атамекен»  әнімен аяқталды.

«Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» – деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, Абай мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды  тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен.

 

 Б. ТОЙЖАНОВА,

директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

«Ай-Нұр» жекеше лингвистикалық балабақша кешені 

0

АБАЙ МҰРАТЫ – ЕЛДІҢ МҮДДЕСІ МЕН БІРЛІГІ

Алдыңғы ақпарат

«ПАНДШЕР» ТОБЫ ӘУЕЗДІ ӘНІМЕН ӘРЛЕДІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *