Бас мақалаБілім және ғылымВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамМерекелер

ҚОҢЫРАУДЫҢ ҮНІ ҚАНДАЙ?!

1 қыркүйек – барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.

Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар.

Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бұл күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.

Осы орайда,

Шырылдаған тыным алмай,

Қоңыраудың үні қандай?!

Мақсатына жете ме адам

Оқу оқып, білім алмай?!, – деп ақындар жырлағандай алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге ерекше, жайма-шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктерге ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

Бұл күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

 

Л. КАТКЕЕВА,

аудандық білім бөлімінің басшысы

БІЛІМГЕ ТОЛЫ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Алдыңғы ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР — ЕЛ АЙНАСЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *