ГАЗЕТ ТАРИХЫ — АУДАН ТАРИХЫ

«Іле таңы» қоғамдық-саяси газеті 1970 жылдан бастап жарық көрді. Алматы облысысоныңішінде Іле ауданнындағы болып жатқан қоғамдық саяси және әлеуметтік тіршілігін жарты ғасырға жуық тоқтатпай таратып келеді.

«Іле таңы» газеті Іле ауданының қалың оқырмандарына кеңінен танылып, осы өңірдің айнасына айналды десек қателеспейміз. Бүгінгі қалың ақпарат ағыны мен оны бұқара халыққа жеткізер қайнар көз-теледидар, радио, газет-журнал санының күн санап көбейіп келе жатқан заманында «Іле таңының « да нарықта өз орны бар.

Тарихқа бойласақ 1969 жылдың мамыр айында Алматы облыстық партия комитетінің нұсқауымен Іле аудандық газетін ашу жөніндегі дайындық жұмыстары басталды. Облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі Байболсын Етекбайұлы Жұматаевтың және алғашқы редактор Тұрысбековтың басшылығымен 1970 жылдың 1 қаңтарында Іле аудандық «Ильич жолы» — «Путь Ильича» деген атпен екі тілде 7 мың таралыммен шыға бастады. Газет Талғар және Қаскелең аудандарының полиграфиялық базасында құрылған Николаевка ауылындағы баспаханада шығарылды.

Аудандық газеттің журналистері аудан басшылығы жүргізген барлық шараларға белсене қатысып отырды.

Алғашқы редакторлар марқұм Тұрысбековтың, Жасұлан Нұрғалиевтің және Байболсын Етекбайұлы Жұматаевтың басшылығымен аудандық газетте өзіндік стиль жасалынып, қаламы ұшқыр шығармашылық ұжым құрылды. Әсіресе бұл жұмыс газетті 16 жыл басқарған Байбосын Етекбайұлы Жұматаевтың тұсында жандана түсіп, белгілі бір дәрежеде «Жұматаев мектебі» қалыптасты.

Қайта құру газеттің өміріне біраз қиындықтар тигізбей қоймады. Газет Қапшағайға одан қайтып Энергетик поселкесіне көшірілді. Өзінің полиграфиялық базасынан айырылды. Нарық қыспағынан екі рет, яғни 1994 жылы 4 ай, 1996 жылы 11 ай шықпай қалды. Тек 1997 жылы аудан башыларының, аудандық мәслихаттың, селолық поселкелік округтер әкімдерінің, аудандық комитеттер басшыларының күшімен газетке жазылу науқаны қолға алынып, содан түскен қаржыға компьютерлік жүйе немесе шағын баспахана сатып алынып, 1997 жылдың 1 мамырында қайтадан шығарыла бастады. Редакция ұжымы жаңа экономикалық жағдайға төтеп бере алды. Сөйтіп, облыста бірінші болып газет компьютерлік жүйеге көшті.

Қазір «Іле таңы» газетін білікті басшы, тәжірбиелі журналист Айдарбекова Роза Маратқызы басқарады. Редакция замануи техникамен жабдықталған. 200 мыңнан астам Іле халқын барынша ақпараттандыруға бар күшін салуда. Редакция ұжымы аудан өміріне белсене араласуда. Шаруалардың фермерлердің, жеке кәсіпкерлердің тыныс-тіршіліктері кеңінен жариялануда. Осылайша аудан журналистері Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс, аудан әкімдерінің саяси экономикалық, мәдени бағыт-бағдарларын жүзеге асы руға белсене араласуда.

Біздің шағын әрі ынтымағы жарасқан ұжымымыз алдағы уақытта да жемісті еңбек етіп, шығармашылық шабыттарын шыңдай түседі деп нық сеніммен айта аламын. 47 жылдық тарихы бар газеттің дәстүрі бұдан былай да өз жалғасын табады.